Қазіргі уақытта 412 жер учаске иелеріне айыппұл салынып, құжаттары рәсімделуде. Ағымдағы жылы Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 11,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып ортақ жайылымға алу жоспары қойылған. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Патсаев Асылбек Мұхтарұлы мәлімдеді.
Саурандық тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылық саласын жақсы игерген. Сондықтан аграрлық аймаққа, Сауран ауданының әкімі Мақсат Асылбекұлының өкіміне сәйкес арнайы жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Нәтижесінде мал басы тіркелмеген пайдаланбай отырған 38 мың гектарға жуық жер учаскесі анықталған. Олардың барлығы дерлік Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданған.

Асылбек Мұхтарұлы, Сауран ауданы әкімінің өкімімен өткен жылы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Отырар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Кентау қаласында бастап, осыған дейін маман, бас маман, сектор меңгерушісі және Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келген.


