Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Өңірдегі өзгеріс

Әдебиет және мәдениет саласы қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды

29 января, 2023
in Өңірдегі өзгеріс
0
Әдебиет және мәдениет саласы қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.

2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға ие болғандар арасында әдебиет пен мәдениет саласына еңбек сіңірген көптеген танымал тұлғалар бар.

Әдебиет қайраткерлері

Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері;

Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Әбдікәкімов Тыныштықбек – 1953 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;

Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері;

Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері;

Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Есенқарақызы Ханбибі – 1949 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері;

Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және IIІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері;

Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Жүнісов Ерлан – 1984 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;

Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері;

Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері;

Қасенов Дәурен – 1974 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;

Түменбаев Қуандық – 1955 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Мүбарак Бағдат – 1978 жылы туған, ақын, халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты;

Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Нұржан Светқали – 1962 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері;

Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;

Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты;

Салықбаева Гүлнар – 1963 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері.

Алдыңғы жаңалық

Чехия президентін сайлау: отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті

Келесі жаңалық

Мадридте қазақ әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі