Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: Азаматтардың арыз-өтініштері тыңдалды

5 апреля, 2023
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: Азаматтардың арыз-өтініштері тыңдалды
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Азаматтарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арынбаев Нұрлан Керімханұлы мен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Құлжанов Берік Үшкемпірұлы қабылдады.
Азаматтардың арыз-өтініштері бойынша онлайн-офлайн форматта өткен қоғамдық қабылдауға 7 тұрғын мәселесін арқалап келді.
Өңірдің әр ауданынан келген тұрғындар көптен бері шешімін таппаған құжаттандыру мәселесі, алаяқтық, қасақана жасалған қылмыстық әрекеттер бойынша наразылықтарын білдірді. Полиция қызметкерлерінің атынан ұрып – соғу, қорлық көрсету, тіпті адам жоғалу фактілері бойынша да шағым айтқандардар болды. Атап айтқанда, қабылдауға Кентау қаласынан келген Ирода Затирова есімді тұрғынның үйіне 2022 жылдың желтоқсан айында ұры түскен. Құқық қорғау қызметкерлеріне шағымданған. Алайда қазіргі таңда ұрлық жасаған күдікті анықталса да қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары тиісінше атқарылмай отырғанын айтып, сот ісі созылып кеткендігі бойынша шағымын айтты. Сонымен қатар, Нұрлан Арынбаевқа созбалаңға салынған сот ісі мен заң бұзушылықтарды қалпына келтіріп, аталған проблемаларға көмек көрсетуді сұрады. Азаматтарды қабылдаған басқарма басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Керімханұлы оларға барлық мәселе заң аясында шешілетінін айтып, ұсыныстары мен талап-тілектерін жазып алды.
Сонымен қатар, Нұрлан Арынбаев мәселенің маңыздылығына қарай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне келіп арыз жазу керектігін айтып, жеке қабылдауына шақырды.
Алдыңғы жаңалық

Зардап шеккен кәсіпкерлерге 100 миллион теңге өтелді

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТ: МЕГАПОЛИСТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОҚ АВТОБУСЫ 6 АДАМДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі