Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қыздың бір рет төркіндеуі – парыз!

9 мая, 2023
in Қоғам
0
Сара Керімбайқызы
0
SHARES
113
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлтымыздың өткенінде ерекше мәнге ие, ел мен елді жақындастырып, алыстаған арасын жақындатып, қайта табыстыратын «төркіндеу» атты дәстүр бар. Халқымыз әйел баласына тікелей қатысы бар төркіндеу дәстүрін әрбір қызға парыз еткен. Ұзатылған қыз барған жерінде етек-жеңін жинап, қайын жұртына үйреніп, перзент сүйіп, аяулы анаға айналғанында міндетті түрде бұл жоралғыны жасауы керек. Бірақ, төркіндеу бір-ақ рет жасалады. Қазір қазақ өмірінен қалыс қалып, өшіп кету алдында тұрған дәстүрімізді тереңірек түсіндіру үшін, Сара Керімбайқызы кіші інісі Мэлсбектің шаңырағына төркіндеп келді.

«Әйтеуір кішкентайымнан қыз баласының төркіндеуі парыз екенін, төркіндемесе балаларына, туыс-туғандарына сын болатынын біліп өстік. Өйткені, әйел адам қайтыс болғанда табытын әр туысқанының алдына қойып, «Мына кісі төркіндеді ме?» деп сұрайды екен. Сондықтан кенже інім бар. Сол інімнің үйіне  төркіндеп қайттым. Ағайын-туыс барлығы жақсылап күтіп алды. Оларға дән ризамын. Екі күн туысқандарымда күтіліп, мәз-мейрам болдым. Төркіндеп барған қыз қара шаңыраққа дастархан жайып барады. Мен де ол әдептен аспай жөн-жоралғымды жасадым. Бір мал сойып, сыбағаларын бердім. Үш үйде күтілдім. Барлығы жан-жағымнан қаумалап, бәйек болып жатты. Қолдарынан келгенше сый құрметтерін көрсетті. Көйлектерін кигізіп, көрпелерін беріп, орамалдарын жапты. Қазақта төркіндеген қыз жалғыз бармайды. Міндетті түрде жақын адамдарын ертіп барады. Мен де әдеп бойынша қызымды, баламды, келін, немере-шөберемді ертіп бардым. Туыстарым ере барған адамдарды да құр қол қайтарған жоқ. Сый-сияпаттарын жасап, бәйек болды»,-дейді 6 баланы тәрбиелеп өсірген ана. Сара (қыз) апаның мақсаты – балаларының мойнына төркіндеуді қарыз етпеу еді.

Бұл ағайын туыстың бір-бірінен алшақтамай сыйластықты арттыруына таптырмас мүмкіндік. Қазіргі жастарымыз осыны естен шығармау керек. Ұрпақтан-ұрпаққа сабақтаса берсе қандай жақсы болар еді. Жастарға бірдеңе десең, «осы апалар ескіні айтады да отырады, қазір ол қалған, ешкім қолданбайды, заман басқа» деп айтады. Тіпті, айтқан ақылыңды жақтырмай қалатындарын қайтесің? Бірақ бұл дұрыс емес. Осындай немқұрайлы қараудың салдарынан, «заман өзгерді біз жаңашылдыққа ұмтыламыз» деген ойдың себебінен ұлтымыздың көптеген дәстүрлері ұмытылып қалды. Тіпті санадан өшіп кеткендері де бар. Кез-келген нәрсені заманға сай жаңғыртуға болады ғой. Сондықтан жастарымыз осыған мән берсе екен. Біздің ерекше дәстүрлеріміз өлмей, сабақтаса берсе деген тілегім бар»
Сара апа басқаға ұқсамайтын, тек қазақ халқына тән салт-дәстүрлерімізді өшірмей сақтап қалу бүгінгі ұрпақтың қолында екенін айтады.

Төркіндеу – береке-бірлік пен ынтымақ дәстүрі

Бұл төркіндеу салтының мән-мағынасы да осында жатыр. Төркіндеген әйел адам кемінде бес-алты күн жатқаны дұрыс. Өйткені жекжаттың арасында алыс-тап кетпеуі керек. Бұл біздің ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз. Көптеген дәстүріміздің бұл түрі, адамгершілкке, ынтымаққа, адамдардың бір-бірін құрметтеп, сыйлауына арналған. Төркіндеген келіншек тек өзінің отбасынан ғана қайтпай, ағайын-туыстарымен қоса, көрші-қолаңды, барлығын аралау керек.
Сарп әже бүгінгі күнге әупірімдеп жеткен дәстүріміздің бұл түрі ұмыт қалуынан қорқады. Осы уақытқа дейін өзі сияқты әжелердің арқасында аз болса да еленіп жүрген төркіндеу дәстүрін ұрпақ санасынан өшірмеу әрбір қазақ әйелінің парызы екендігін де шегелеп айтты.
«Осындай керемет дәстүрді жалғастыру – біздің міндетіміз. Кеңес үкіметі кезінде небір керемет салт-дәстүрімізге тыйым салынды. Ал қазір біз сияқты ақ самайлы әжелер қазақилықтың биік шыңы саналатын осындай салт-дәстүрімізді жастарға насихаттаудан жалықпауымыз керек. «Заман басқа, жастарға қызық емес» деп қолды бір сілтеуге мүлдем болмайды. Біздер әжелер қауымы олар тыңдамаса тыңдамасын, жүрген жерімізде тоқтап қалмай, қолымыздан келгенше жас толқынға түсіндіруіміз керек. Айта берсек, арасында бір салт-дәстүрді құрметтейтін біреуі іліп алары сөзсіз. Сондай адамдар арқылы сабақтастығын үзбейді».

 

Бір-бірін таныған адам сыйласады, араласады, қиыншылықта да қуанышта да бірге болады екен. Төркіндеп барғанда үйіп-төгіп алып бару немеса алып қайту мақсат емес. Әркім барынша ілтипатпен, шын көңілден ұсынған дүние ол нағыз естелік болып қалады. Ең бастысы дүние емес, жүректің жылулығы ғой. Жастарымыз анасын төркіндетуі керек. Өйткені анасы өмірден өтіп кеткеннен кейін төркіндеудің парыз екенін біліп, «шіркін, анамды төркіндетпеппін-ау» деп өкініп жатады. Сондықтан да жастар мұны білсе екен. Тағы бір айтарым – «бала» деген анасының төркінінен келген дүниені көзінің қарашығындай сақтауы керек. Ол ескі болса да сақтаған дұрыс. Өйткені сол дүниені көрген сайын сен шешеңді еске аласың, ал шешеңді еске алу деген – анаңның төркінін еске алу деген сөз. Осылайша ол анасының ауылына хабарласады. Сөйтіп аралас-құралас ажырамай сақталып отырады. Міне, мәселе қайда жатыр. Қазағымның әрбір салт-дәстүрі қандай керемет.

 


Сөз соңында Сара әже бүгінгі жас-тар төркіндеу сөзінің қадір-қасиетіне жете бермейтінін де айтып қалды.
«Қазіргі жастарымыз төркіндеудің түпкі мағынасын түсініп кетпейді. Олар «төркіндеудің жөні осы екен» деп барады да әке-шешесінің үйінде апталап, айлап жатып алады. Бұл дұрыс емес. Әрине, той-томалақ, жиындардан қалмау керек. Отбасымен араласып тұруы шарт. Бірақ кісінің кісісі боп кеткен адам үшін ата-анасының ошағында ұзақ уақыт жатып алу деген болмайды. Төркіндету дәстүрінің қадірін кетірмеген дұрыс. Ал, төркіндегенге дейін де одан кейін де бір күндік той-жиындардан қалмай барып тұрса, мұның өзі қыз баласына жеткілікті. Анасынан дұрыс тәрбие алған қыз ол бұл салтты түсінеді. Шыққан әулетіне, ата-анасының атына кір келтірмеу үшін жас келіндер ойлануы тиіс. Және төркіндеу дәстүрінің қадірін кетірмесінші»

Қадірлі оқырман, әжелердің әңгімесінен қазақтай дана халық жоқ екендігін аңғаруға болады. Салт-дәстүрді сақтап қалу, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әйел затының борышы екендігіне тағы бір мәрте көзіміз жетті. Сондықтан болашақ аналардың ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауына жағдай жасау – сіз бен біздің қолымызда.

Сұхбаттасқан, Құрмет ДОСЖАН.

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Алдыңғы жаңалық

Стартовал семинар по финансовой грамотности «Общество без долгов».

Келесі жаңалық

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі