Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

12 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов, бүгін Түркістан облыстық мәслихатының Шымкент қаласындағы өкілдігінде қоғамдық қабылдауын өткізді.

Мәселесін арқалап, өтініш-тілегін айтып келушілер проблемаға айналған тұрғын-үй, әлеуметтік, инфрақұрылым жәйында сөз көтерді.

Соның бірі, Қалдыбек Ысқақов есімді тұрғын Төлеби ауданы, Жаңа жол елді мекеніндегі “Жаңа жол” орта мектебіне ҰОС ардагері Көшербай Ысқақовтың есімін беру жөнінде мәселесін айтып келді. Халық қалаулысы Алмас Алтайұлы, қабылдау барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаевқа хабарласып, мәселенің оң шешілуі бойынша ақпарат алды.

Анық болғандай, ең алдымен аталған білім ошағын ономастикалық жұмыс барысында басшылыққа алатын «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу қажеттілігі туындаған. Осыған орай, қазіргі таңда облыстық ономастика комиссиясында қаралып, аталған тізімге енгізу үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылған. Ұсыныс республикалық жұмысшы топтың талқылауында екендігі айтылды.

Бұдан өзге, Тұрғын — үй мәселесі бойынша келген тұрғынға депутат, ұсынысы заң аясында қаралатындығын айтып түсіндірді.

Алдыңғы жаңалық

"Әйел әдемі әдебімен" атты 100 кездесу өтті.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі