Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АРҚАУЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МЕН ТИІМДІЛІК

15 марта, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АРҚАУЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МЕН ТИІМДІЛІК
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бурабайда өткен Құрылтай бұрынғы өткен Құрылтайлардан да өзгеше өтті. Біріншіден Көкшенің төріндегі жиын Құрылтайдың азаматтық қоғам институты ретінде нығайып, ширай түскенін байқатты. Қай Құрылтай болмасын ұлт бірлігін мақсат тұтады, қоғамның көкейінде жүрген түйінді сұрақтар ортаға тасталып, ақылдасу алаңының күн тәртібіне еніп, уақыт өте келе нәтижесі көрініп, осылайша ұлтқа деген тиімділігімен Құрылтайдың маңыздылығы артып, қажеттілігі өтеледі. Ұлытаудағы өткен Құрылтайдан соң Республика күнінің белгіленуі, “Еңбек адамы” тұжырымдамасының бекітілуі, Түркістандағы, Атыраудағы жиыннан соң “Адал азамат“ тақырыбының ұлттың рухын оятуы, заңның үстемдігінің салтанат құру жолындағы қабылданған зорлық -зомбылыққа қарсы, вейптер жөніндегі, вандализмге қарсы, есірткі тасымалы мен өндірушілер бойынша, ойын бизнесі лудомания жөніндегі, мемлекеттік наградалар туралы қабылданған заңдар Құрылтай жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр. Жақында ғана Түркістанға Ерекше мәртебе берілуі, оның құқықтық негізінің қалануын ел болып, жұрт болып сезінудеміз.

Ал, Бурабайдағы Құрылтайда жиынтық проблемалардың ішіндегі салмағы ауырларының бірі экономиканың дамуына тікелей әсер ететін бюджеттің кіріс бөлігін толықтыратын салық саясаты, қосымша құн салығы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі нықты да нақты шықты. Өйткені салық жөнінде мәселелер мемлекеттің, ұлттың қаржы қорын молайтуға септігін тигізетіні астарлы түрде жеткізілді. Дәл қазіргі кезде қызу талқыдан түспей тұрған, тез шешуді күтіп, өзектілігімен өзекті жарып тұрған мәселелер Бурабайда қозғалды. Президент елдің ішінде жүрген пікірлерді де ескеріп ойын жайып салды. Әсіресе, салық төлеушілердің кәсіптерін бірнеше бөлшектеп салықтан жалтарудың тәсілдерін жасайтындарынан хабары бар екенін де ашық ортаға салды. Ой түйінінде мемлекетшілдікті бірінші орынға қою қажеттігін меңзеді. Әділ әрі тиімді салық жүйесін құруды тапсырды.
Әлеуметтік мемлекет екеніміз Конституциямызда жазылғанын, бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік төлемдерге кететінін, бұл тұста әлеуметтік көмекті тек мұқтаж жандар алуы тиіс деп нүкте қойды. Жалған жанашырлық деп атаса да болатын қайырымдылық деп қор ашып қалтасын толтыруға әрекет етушілердің алаяқтығын тоқтататын, бейберекет коучтарды реттейтін заңнамалық құжат қажеттігін айтты. Діни ұйымдардың жұмысына келгенде ұлтты ұйыстыру басты мақсат деп тұжырымдады. Құрылтай мүшелерінің көтерген мәселелеріне нақты тоқталды. Түрмеге тоғылғандар жөнінде адвокат Айман Омарованың ұсынысына тоқталып,негізгі меже жазалау емес түзету, түрмедегі жүкті,балалы әйелдер туралы заңнамаларға өзгерістер қажеттігіне, ең бастысы қоғамның сауығуы маңыздылығына үлкен мән берді. Адасу бар жерде айығу бар екені шынында да рас дүние. Бүгінгі Құрылтай жұмысының негізі өзара түсіністік пен адамдардың бір-біріне деген құрметіне негізделіп, сананы жаңғыртуды көздейді. Тағы бір мәселе түсіріліп жатқан фильмдерді сүзгіден өткізу жөніндегі ойы өте орынды. Қаржысы барлар кино түсірумен айналысып жатқаны жасырын емес, оның қандай идеологиялық сипаты, қоғамға қандай пайдасы бар, қаншалық тәрбиелік мәні бар екенін зерделеу міндеті тиісті мемлекеттік органдарды ойландыратын мәселе.

Бурабайдағы Құрылтайда өзекті мәселелерді оңтайландыру мен тиімділік ұстанымдары астарласып жиынның арқауын құрап, жиынның мәні мен мазмұнын аша түсті.

@ Қалыйма Жантөреева — «AMANAT» партисы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Түркістан облысы мәслихатының депутаты

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі