Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ӨНДІРІСТІҢ ӨРКЕНДЕУІ ӨҢІРГЕ ТИІМДІ!

15 июня, 2025
in Uncategorized
0
ӨНДІРІСТІҢ ӨРКЕНДЕУІ ӨҢІРГЕ ТИІМДІ!
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Бүгінде Түркістан облысы арнайы экономикалық аймағы мен индустриялық аймақтар инвестиция тартуда сәтті мысалдар көрсетуде. Мәселен, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Қазығұрт» индустриалды аймағы орналасқан. Идустриалды аймақта қазіргі таңда 4,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, өндіріс қанатын кеңге жайып халыққа 249 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде аталған индустриалды аймақта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, халық игілігі жолында жұмыс жасауда. Іске қосылғанжобалардың нәтижесінде халыққа 123 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл тұрғындарды жұмыспен қамтуда үлкен мүмкіндік. Жұмыссыздар санын азайтудың тиімді тұсы да болады. Одан бөлек, жаңадан жүзеге асып жатқан өндіріс орындарының құрылысы бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатыр. Жауапты тұлғалар тың жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту жолында да аянып қалмақ емес.  Жұмысты одан әрі жандандыруда. Жаңа жобалармен жұмыстар пысықталуда.  Қазіргі уақытта «Қазығұрт» индустриалды аймағында «Билол» жеке кәсіпкерлігі тарапынан 3 гектар аумақта болат шарларын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл өңірдің экономикалық дамуына үлкен мүмкіндік. Кәсіпорынның жүргізіп жатқан жобасының жылдық қуаттылығы – 5000-6000 тонна. Зауыттың құрылысы қазіргі уақытта 80%-ға аяқталып, қажетті құрал-жабдықтары орналастырылуда. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында орналасқан «Қазығұрт» индустриалды аймағында биылғы жылдың мамыр айында 2 жобаның құрылысы басталған. Нақтырақ айтқанда, «TIMUR.LES» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиһаз, жұмсақ полиуретанды көбік және бағдарланған бөлшектер тақтасын шығаратын зауыт салуды қолға алды. Зауыт іске қосылғанда жылына 10 мың дана жиһаз өндіру жоспарлануда. Сондай-ақ, «AGRO irrigation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су үнемдеуге арналған полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт салмақ. Инвестиция құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жобаның жылдың қуаттылығы – 10 000 тонна. Қазіргі уақытта кәсіпорындар салуға қажетті жер телімдері рәсімделіп, инвесторлар зауыттардың құрылыс жұмыстарына кіріскен. «Сапа 2002» ЖШС 150 гектар жерге жаңбырлатып суғару жүйесін ендіру жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек, индустриалды аймақта «Көрік ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2018 жылдың қазан айынан бастап алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаруды қолға алған. Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын жобаның қуаттылығы жылына – 1 мың тонна. 2019 жылдың қараша айында «CG Foods Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тез әзірленетін тағамдар өндірісін іске қосқан. Іске қосылған өндіріс қуаттылығы жылына – 1100 тонна. Өңірдің экономикалық қуатын арттыруда көп көмек болған кәсіпорын өнімдерін Қазақстаннан бөлек, көршілес мемлекет Ресей және Орта Азия елдеріне экспорттауда. Мұнда қазіргі уақытта 100 адам жұмыспен қамтылған. Индустриалды аймақта «Асыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автоматтандырылған ауыз су жүйесі және капсулалалар өндірісі іске қосылған. Сонымен қатар «Сабит» шаруа қожалығы «Ағанай» су қоймасына 200 мың шабақ тастап, балық өсірумен айналысуда. Айта кетейік, Түркістан облысында жасанды жолмен балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Инвесторлар тарту маңызды жолға қойылған. Жаңадан тоғанды балық шаруашылығын, балық азықтары мен балық өнімдерін өңдейтін зауыт, кәсіпорын ашуға ниет білдірген тұлғаларға жаңадан және табиғат пайдаланушыларға конкурстық негізде бекітілген су айдындары мен жұмыс істеп тұрған тоғанды балық шаруашылықтарын одан әрі дамыту мақсатында айналасынан жер учаскелерін берулі жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, балық шаруашылығын дамыту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған жаңадан балық шаруашылығы нысандарын ашу жоспарының орындалуы қамтамасыз етілген.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛМАҚ

Келесі жаңалық

ӨҢІРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАТЫНАСЫ КЕҢЕЮДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі