Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

17 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жаңа жобалар қарқын алып келеді. Өңірдің  өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалды аймақ ашылған. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Соның бірі, Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда индустриалды аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған аумақта биыл жалпы құны 33 млрд теңгеге 11 жобаны қолға алу жоспарланған. Нәтижесінде 1 870 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, 4 жоба мақұлданып, инвесторлар құрылыс жұмыстарын бастаған. Бұл жайында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Өңірде құрылған индустриалды аймақ ауданымыздың экономикасына өзіндік оң әсерін береріне сенім мол. Қазіргі таңда аумақта «ТST Zhetysai Group» ЖШС-і мақта өңдеу зауыты мен жіп иіру фабрикасының құрылысын бастады. Сондай-ақ, «Агро сүт» сүт өңдеу зауыты, «Бирлик — Е» мақта өңдеу , «Аltyn Kun Group» полиэтилен қалдықтарын, су үнемдеу жабдықтарын өндіру зауыттары бой көтеруде. Айта кетейік, 2024 жылы ауданда құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 262 жаңа жұмыс орны құрылған болатын» — деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі биылғы жылдың І тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі 27,4 млрд теңгеге жеткенін жеткізді. Жалпы 2025 жылы бұл көрсеткішті 190,1 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. 2024 жылдың қорытындысында аудандағы өңірлік өнім көлемі 184,1 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге артығымен орындалған. Сондай-ақ, аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2024 жылы 18,4 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,6 млрд теңгеге артқан. Биыл аталған көрсеткішті 21,2 млрд теңгеге жеткізу көзделіп, І тоқсанда өнеркәсіп өнім көлемі 4,6 млрд теңгені құрап отыр. Ауданның негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі де жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 43,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге артығымен орындалған. Биылғы жылы да бұл көрсеткішті арттыра түсу көзделіп отыр.

Аудан экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Бұл Түркістан облысының ауылшаруашылық саласының қарқынды дамуына үлкен сеп. Түркістан Облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Түркістанда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Дайын өнімдерді ұқсата, тереңдете өңдеп, сапалы тауарларды заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, тұтынушыға жеткізетін орындар облыстың барлық аудандарынан ашыла бастады. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында ауданда 10 мыңға жуық шаруа қожалығы қызмет атқарады. Бүгінгі күнге 79,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Биыл 1,2 мың гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп, 40 мың тоннадан астам өнім жинақталған. Қазіргі таңда диқандар қауын, қарбыз өнімін жинауды бастаған. Өнімнің басым бөлігі Ресей, Белоруссия, Қырғыз елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жолдануда. Жалпы ауданда өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1,2 мың гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асыруда.

Өңір инфрақұрылымын жақсартуда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы пайдасын тигізуде. Бағдарлама аясында 2024 жылы 15 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржылар елді мекендерді газдандыруға, жолдарды жөндеуге, мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған. Нәтижесінде қазіргі таңда аудандағы елді мекендердің табиғи газбен қамту көрсеткіші 81,9%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 86,6%-ға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын ауызсумен қамту көрсеткіші 100%-ға жеткенін мәлімдеді Серік Үсенұлы.

Айта кетейік, Жетісай ауданы — Түркістан облысы құрамындағы аудан. Халқының саны — 187 384 адам. Орталығы — Жетісай қаласы. Түркістан облысының қиыр оңтүстігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Шығысында Мақтаарал ауданымен, оңтүстігі мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Шардара ауданымен шектеседі. Шардара ауданынан Шардара су қоймасы бөліп жатыр.
Жетісай қаласы қай өзенде орналасқан десеңіз, Жетісай — Достық каналының сол жағалауында, Сырдария алабында, Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстан Республикасымен шекарасы арасында орналасқан қала. 1959 жылы Жетісай поселкесі аудан орталығына айналды. 1969 жылы Жетісай қаласы статусын алды. Қаланың тоқсан жолдың торбына орналасуы ондағы тұрғындардың сауда ісімен айналысуына үлкен септігін тигізді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Келесі жаңалық

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ІІ ФОРУМЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі