Вторник, 8 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АСТАНА АСҚАҚ АРМАНДАРДЫҢ ЖЕМІСІ!

6 июля, 2025
in Жаңалықтар
0
Астана — елдігіміздің асқақ айғағы!
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Астана туралы көп айтылады,көп жазылады. Әр жақсы туынды үшін қуаныштымыз.
Астана туралы айтылған әр жақсы сөз Астананы әрлей, әдемілігін, көркем келбетін айшықтай түседі. Керемет теңеулер салқын самалмен Астанандағы бойшаң кербез ғимараттарды сипалай еркелетіп барып ары қарай мен мұндалап Сарыарқаның кең даласымен бүкіл әлемге тарап барады. Сағым болып көрінгенмен әр көңілдің түкпірінде сағыныш бары сөзсіз. Астананың көркін келтірген кесім сөздер,келіскен пікірлер Ақорданың қасиетін арттыруда. Кезінде еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы елге ой салғанда ежелгі тарихымызға да үңіліп шыққан сияқты. Астананың билеушінің ордасы атанған ежелгі Бозоқ қаласының маңына салынуы тарихты түлетудің, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың басты шарты ғана емес, Астананың Қазақстан картасының дәл ортасынан орын алуы алдын ала геосаяси жағдайды болжамдаған шешім. Билік дәуірлеген топырақта рухтар ұлықталады, биліктің тізгіні мықты болып, адам бойында қуат еселене түседі,қорғаныс мықты қалыптасады. Астананың топырағы нәрлі. Нәрлі жер әлбетте нанхана. Пайымдауымша дүниежүзілік дінтанушылардың Астанаға дегенде ықыласының өзгешелігі де топырақтың киелігімен байланысты болуы әбден мүмкін. Астана ыстық ықыласқа, армандарға мекен болған асқақ қала. Адал еңбектің нәтижесімен адал табыс тапқандар -адал азаматтар қоғамының мүддесін білдіретін мемлекетіміз- Әділетті Қазақстан ел пікірімен санаса отырып өрлеу үстінде. Ой толқындарын тұжырымдап , ақылқалтаға түйіп түйіндейтін Астанамыз әрқашан асқақтай берсін!Астана өрлей бер биікке!

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты

Алдыңғы жаңалық

Астана - елдігіміздің асқақ айғағы!

Келесі жаңалық

АСТАНА ДҮНИЕЖҮЗІНЕ МӘЛІМ ҚАЛА!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі