Құрметті көпшілік!
Баршаңызды 6-шілде Астана күні – мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің мақтанышы елорда – Тәуелсіздіктің темірқазығы, азаттықтың алтын тәжі. Астана – бұл жай ғана қала емес, ел егемендігінің, ұлт бірлігінің және Қазақстанның қарқынды дамуының символы. Әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын Алты Алаштың ару Астанасына төрткүл дүние тамсанады. Тәуелсіз Қазақстанның елордасы – жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық.
Астана күні – әрбір қазақстандық үшін маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие жалпыхалықтық мереке. Қазақстанды мекен еткен барша ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігінің кепілі. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға амандық, мықты денсаулық, бейбітшілік тілеймін!
Ержан Үсентаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты!