Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: 12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ “ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

14 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
САУРАН: 12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ “ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округінде «Жалынды жастар – ел ертеңі» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
Шараның басты мақсаты – жастарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру, қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашу және жастар мерекесін жоғары деңгейде атап өту.
Мерекелік кештің шымылдығын Сауран ауданы әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы ашып, өз құттықтауында:
> «Жастар – қай заманда да елдің асқақ арманы мен үмітінің, биік ары мен өр намысының символы. Сіздердің әрқайсыңыздың белсенділігіңіз, білімге, жаңа идеяларға ұмтылысыңыз – ауданымыздың және еліміздің болашағының кепілі» – деп атап өтті.
Келесі сөз алған кеш қонақтары – облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Сауран аудандық мәслихат депутаттары А.Раматуллаев, Х.Шарапов жастардың мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырудағы рөлін ерекше бағалап, 12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып күнтізбеге енгізілуінің тарихи және тәрбиелік маңызын атап өтті. Олар аудан жастарына ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Сонымен бірге, шара барысында Сауран аудандық жастар орталығының жұмысы мен атқарған жобаларына жоғары баға берілді.
Мерекелік кештің мәдени бағдарламасында ауданның талантты жастары мен өнерпаздары әсем әндер шырқап, әсерлі билер билеп, мәнерлеп өлең оқып, түрлі шығармашылық нөмірлер орындады. Шараның ажарын ашқан сахналық көріністер мен өнер туындылары көрермендер көңілін бір серпілтіп, мерекелік шаттық сыйлады.
Кеш соңында қатысушылар бір-біріне естелік суретке түсіп, игі тілектерін білдірді. Ал финалда өткен көңілді ойындар мен әсем от шашу мерекенің көркін қыздырып, жиналған жұртқа ұмытылмас әсер қалдырды.
Жастар үшін бұл күн жарқын естелікке айналып, олардың бойында отансүйгіштік сезім мен жаңа жетістіктерге жету ынтасын арттырды.
Алдыңғы жаңалық

САУРАНДЫҚ МОЛДАБЕКОВТЕР ОТБАСЫ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Келесі жаңалық

Мектепке жол- ізгіліктің бастауы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі