Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 8 ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

31 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА 8 ОТБАСЫҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты баспанамен қамту маңызды мәселе. Түркістан облысында осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚР Конституциясының 30 жылдық мерекесі қарсаңында облыс орталығында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 8 отбасыға демеушілердің қолдауымен жаңа баспананың кілті табысталды. Соның ішінде 4 отбасының баспанасына халық қалаулылары атсалысты. Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Мағауия Тұрысбеков пен Жомарт Абдибаев өз қаражаттары есебінен 4 мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.


Үшқоңыр көшесінде орналасқан әсем де жайлы баспаналардың әрқайсысы 68 шаршы метрді құрайды. Үш бөлмелі баспаналар ас үй, жуынатын бөлмемен жабдықталған. Электр желісі, табиғи газ және ауыз сумен қамтылған.

Баспана кілтін табыстау сәтінде тұрғындар өз қуаныштарымен бөлісіп, демеушілерге алғыстарын жеткізді.Айта кетейік, бұл отбасылар облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, баспана мәселесін көтеріп, көмек сұраған болатын. Өтініш қабылданды. Халық қалаулылары халық өтінішіне назар аударып, көмек қолын созды.
— Баспана мәселесі бүгінде өзекті. Үй кезегінде тұрған халық жыл сайын баспаналы болса деп тілеймін. Қолдан келсе мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді азаматтық парыз деп есептеймін. Мереке қарсаңында баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймын,-деді депутат М.Тұрысбеков!

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 23 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Жыл басынан бері 400-ден астам пәтер үлестірілді. Жыл соңына дейін тағы 500-ден аса пәтер беріледі деп жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтаймын!

Келесі жаңалық

ДЕПУТАТТАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі