Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» деп атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек деген өте маңызды стратегиялық мақсат қойды. Жалпы бұл бір күнде немесе бір жылда іске асып, орындалатын жоба емес екені белгілі. Елімізде цифрлық даму бойынша жыл сайын жүзеге асырылып келе жатқан жобалар өз нәтижесін беруде.
«Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ өңір тұрғындарына сапалы әрі жедел көмек көрсетуді жалғастыруда. Орталықта сенім телефоны қызметі тәулік бойы 24/7 үздіксіз жұмыс істейді. Сенім телефонына түскен әрбір қоңырау бойынша мамандар шұғыл әрекет етіп, жағдайға сәйкес мобильдік топ құрып, дер кезінде психологиялық көмек көрсетуде. Бұл қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың, әсіресе балалар мен ата-аналардың, эмоционалды және психологиялық саулығын қорғау.
Мұндай жедел көмек қиындыққа тап болған әрбір оқушыларға қолдау көрсетіп, мәселені дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Түркістан облысындағы барлық мектептерде QR-код арқылы байланыс орнату жолға қойылған. Бұл қызмет арқылы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар орталық психологтарына тікелей хабарласып, кеңес ала алады. Психологиялық қолдау орталығының бастамалары қоғамда мейірім мен түсіністікті арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Маулида Кенжетаева,
«Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ психологі.


