Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылғы 9 қазан күні Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.
Облыс әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысты.

Дүбірлі доданың марапаттау салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-ші орын алып, 1 млн. теңгені иемденді. Құрамада облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, депутаттар Нұржан Сейтжанов, Нұржан Жамалбеков, Сайдирасулхан Ералиев, Талғат Қаржауов, Еркебұлан Хандиллаев, Бекарыс Шойбеков, Сүлеймен Арыстанов болды.


Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-ші орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.


Сонымен қатар, алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.
Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов — «Үздік ойыншы», Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков — «Үздік шабуылшы», Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов — «Үздік қақпашы», Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков — «Үздік қорғаушы» атанды.

Алдыңғы жаңалық

САРЫАҒАШ: АУДАНДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі