Құрметті қазақстандықтар, қадірлі сайрамдықтар!
Сіздерді еліміздің қастерлі мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тәуелсіздігіміздің бастауы, ел бірлігі мен мемлекетіміздің беріктігін айшықтайтын мерейлі мейрам.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолында әр азаматтың еңбегі зор. Сол игі іске үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Сайрам ауданында да әлеуметтік жобалар іске асырылып, жол, жарық және ауызсу мәселелері шешімін табуда. Ауданда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Баршаңызды осынау айтулы мерекемен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, мол береке, елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілеймін!
Еліміз өркендеп, Қазақстанымыздың мәртебесі биіктей берсін!
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
«Ақ жол» партиясының мүшесі
Жамшидбек Равшанұлы Туламетов


