
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Маяқұм ауыл округі үшін ағымдағы жыл жақсы жаңалықтарға толы жыл болды. Көптен бері тұрғындардың көкейіндегі жүрген ауыз су жүйесі өз шешімін табуда. Сондай-ақ, ауыл округіндегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықтандылған. Ауылдық округке қарасты 27 ішкі көшенің бүгінде 25-не жөндеу жұмыстары жасалынған. Ауылда бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балалар ойын алаңшасы салынып, ел игілігіне берілген. Келесі жылы ауылға жаңадан спорт кешенін салу салу жұмыстары жоспарлануда. Бұл туралы Маяқұм ауыл округі әкімі Руслан Ілесбек мәлім етті.

Мұнан бөлек Маяқұм ауыл округіндегі Бестам елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы нысанына ұлттық қордан 174,2 млн. теңге қаржы қаралып, нысан ел игілігіне пайдалануға тапсырылған.
Айта кету керек Маяқұм ауылының тұрғындары кәсіпкерліктің түрлі саласын игеріп, өздерінің еңбекқорлығы мен ізденімпаздығының арқасында өзгелерге үлгі болып келеді. Мәселен маяқұмдық ағайындары Ресей еліне қауын сатумен қатар, қауынқақ, қауынқұрт өндірісін қолға алған.
Сонымен қатар егін және мал шаруашылығымен қатар жылыжай ісі де қарқын алып келеді. Осы жайттарды ескерген ауыл әкімі Руслан Ілесбек Маяқұм ауыл округі әкімі тұрғындарға кәсіпкерлік саласы оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі күннің басты талабы екенін айта келе, осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп екенін жеткізді.

Айта кетейік Отырар ауданындағы Маяқұм ауылдық Шәуiлдiр ауылынан шамамен 70 шақырым қашықтықта, Сырдария өзенiнiң батыс бөлiгiнде орналасқан. Жалпы ауылда 572 отбасы бар. Тұрғындар тарапынан суармалы жер, ағын су, ауыз су, кәсіпкерлік салалары бойынша әр бір кездесуде заң аясында оң шешімін табуға қолдау көрстететінін айтып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар беріліп келеді екен.



