Кентау қаласында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспардан артық орындалған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы қаулысына сәйкес Кентау қаласының әкімшілік шекарасы өзгертіліп, Сауран ауданынан 75 552 гектар жер телімі қосылған. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында қалада жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда 3 653 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, жылдық жоспар артығымен орындалған.Бұл туралы Кентау қалалық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Есенбайұлы мәлімдеді.
- Жер қатынастары саласында ашықтықты қамтамасыз ету, жер ресурстарын тиімді пайдалану және бос жатқан жерлерді айналымға енгізу бағытындағы жұмыстар тиісінше атқарылып келеді. Алдағы уақытқа да жоспарлы жүмыстарымыз бар. Қалада арнайы зерделеу тобы құрылған. Соның нәтижесінде Кентау қаласы аумағынан пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді анықтадық. Жалпы көлемі 3 615 гектарды құрады. Қазіргі таңда бұл жерлер де толықтай мемлекет меншігіне қайтарылды,- деді Асқар Баубек.

- Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Баубек тәжірибелі маман. 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір станциясында дүниеге келген. Білімі жоғары. Осы саланың қыр-сырын жақсы мегерген. Ұзақ жылдар бойы аталған салада еңбек етііп келеді. Отырар, Кентау қалаларынан басталған қызметтік жолында бас маман, маман, бөлім басшысына дейінгі қызметтер атқарып, бүгінде зейнет жасына жеткен.

- Айта кетейік, бүгінгі таңда Кентау қаласының жалпы жер қоры төмендегідей қалыптасқан:
— ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 79 508 га,
— елді мекен жерлері – 11 439 га,
— өнеркәсіп, көлік және байланыс жерлері – 749 га,
— су қоры – 1 246 га.




