Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда «Алтын күз – 2025» өтті

1 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
Ордабасыда «Алтын күз – 2025» өтті
0
SHARES
36
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында молшылық пен берекенің мерекесі — «Алтын күз – 2025» және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтті. Мерекеге аудан әкімі, облыстық мәслихат депутаттары, ауданның құрметті азаматтары және ауыл еңбеккерлері мен тұрғындары қатысты. Мерекелік алаңда ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер паш етіліп, заманауи техникалар көрмесі, өнім жәрмеңкесі және асыл тұқымды малдар таныстырылды.

Көрмені тамашалап болған қонақтарға арнайы мерекелік бағларлама ұсынылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев алдымен жиналған қауымды алтын күз мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы Бірлігіміз бен еңбегіміздің арқасында ауданымыз әрқашан берекенің мекені болып қала беретінін атап өтті. Мерекелік шара барысында ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері Алғыс хат, Құрмет грамоталары және сыйлықтармен марапатталды.

Биыл аудан бойынша 71 600 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 6 925 гектар аумақ су үнемдеу технологиясымен игерілген. Ауданда Жылыжай шаруашылығы бағытында да оң өзгерістер бар. Мал шаруашылығында да тұрақты өсім бар – төрт түліктің жалпы саны 560 мың басқа жеткен. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің әртістері мен жас өнерпаздар ұсынған концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 102 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Келесі жаңалық

Ордабасы ауданы электр қуатымен 100 пайыз қамтылған.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі