Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары орындалуда.

2 ноября, 2025
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары орындалуда.
0
SHARES
70
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданы бойынша 3 500 га пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары орындалуда.

Ордабасы ауданының жалпы жер көлемі 265 561 гектарды құрайды. Оның ішінде жайылымдық жерлер көлемі – 110 960 гектар болса, ортақ жайылымдық жерлер көлемі қазіргі таңда – 28 658 гектар.

Ортақ жайылым қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 2019-2024 жылдары жалпы ауданы 25 626 га жайылымдық жерлер аудандық қорға қайтарылып, елді мекендердің ортақ жайылымы ретінде бекітіліп берілген. Бұл туралы Ордабасы аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Манапұлы мәлімдеді.

  • Ағымдағы жылға Ордабасы ауданы бойынша 3 500 га пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары қойылған. Жоспарды орындау мақсатында, Ордабасы ауданындағы жайылымдық жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (ИСЖ) мал басы тіркелмеген, яғни өз мақсатына сәйкес игерілмеген жалпы ауданы бүгінгі таңда 3 032 га жайылымдық жерлер, жер пайдаланушылармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде аудандық қорға қайтарылды. Бөлім тарапынан, жыл соңына дейін жоспарды толығымен орындау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады,- деді бөлім басшысы Берік Алтынбеков.

Сонымен қатар, ауданда мақсатына сәйкес пайдаланылмаған 227 га егістік жерлер аудан қорына қайтарылған. Егістік жерлер конкурс өткізу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосылатын болады. Ордабасы ауданында елді мекен тұрғындарының саны артуына байланысты, тұрғын үй құрылысы үшін, әлеуметтік, коммерциялық нысандар құрылысы үшін жер учаскелеріне қажеттіліктің артуына байланысты, ағымдағы жылы аудан көлеміндегі 16 елді мекеннің шекараларын кеңейту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, жалпы ауданы 498 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер елді мекен жерлеріне қосылған. Қазіргі таңда, мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне өзгеріс енгізу жұмыстары атқарылуда.

Ордабасы ауданында жер бөлу жөніндегі арнайыкомиссиясы бар. Нәтижесінде, комиссия жыл басынан — 32 отырыс өткізіп, жеке және заңды тұлғалардың  жерге құқық беру бойынша — 412 өтініштердің құжаттарын қараған. Оның ішінде, 78 өтініштерге теріс қорытынды, қалған — 332 өтініштерге оң қорытындылар қабылданып, қаулы, шешім шығаруға келісім берілген

 Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жерлері – 218 849 га. Оның ішінде: егістік – 88 441 га, ал жайылым – 110 543 га құрайды.  

Алдыңғы жаңалық

Ордабасы ауданы электр қуатымен 100 пайыз қамтылған.

Келесі жаңалық

ЕРЕН ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ІСКЕР ДЕПУТАТ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі