Түркістан облысында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің қатары артып келеді. Соның бірі – Мақтаарал ауданы Жаңа жол ауылында бүгінде 150 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр. Мердігер мекеме жұмысты ағымдағы жылдың мамыр айында бастап, желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта «Bullding Group 1»ЖШС тарапынан бой көтеріп жатқан үйлердің 70 пайызы аяқталып қойған. Қазіргі таңда газ құрылысының желісі толықтай жүргізіліп, ауызсу мәселесі де шешімін тапқан.
Мердігер «Bullding Group 1» мекемесі бұған дейінде ауданда тұрғын үй құрылысын салумен аналысқан. Өткен жылы кезекте тұрған отбасыларға табыс етілген баспана құрылысын аталмыш мердігер мекеме жүргізіпті. Сапасы жақсы, тұрғындарды қуанышқа бөлеген баспана кілтін облыс әкімі арнайы табыс етіп, мердігер мекеме басшысы Біржан Темірбаевқа ризашылығын білдірген болатын.

Мақтаарал аудандық әкімдігі 2 отбасыға арналған 50 үйді жыл соңынада кезекте тұрған отбасыларға табыстайтын болады. Қалған пәтерлер келесі жылға өтпелі. Үйдің толық инфрақұрылымы жүргізіліп, көгалдандыру, қоршау жұмыстары аяқталған соң ел игілігіне пайдалануға берілетін болады. Бұдан өзге ауылдық әкімдік ғимаратыда жаңадан бой көтеріп, құрылысы жүргізілген.


