Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы, әкімнің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілісте төтенше жағдайлардың алдын алу, қысқы маусымға дайындық, әскери қызметке шақыру және күзгі ағаш отырғызу жұмыстары қаралды. Күз–көктем мезгілдеріндегі су тасқынының алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Исақожа Елеусизов баяндамасында Түркістан облысының әкімі Н. Көшеров бекіткен 2025–2026 жылдарға арналған су тасқынына қарсы инженерлік іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, аудан аумағында 2025-2026 жылу маусымында газдан улану мен өрттің алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдері, «ҚазТрансГаз», «Жарық Транзит» мекемелері және полиция қызметкерлерінен құралған жұмыс топтары үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 680 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, 1–2 топтағы мүгедектігі бар 2670 азаматтың отбасы және 2485 жеке тұрғын үйге өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық беріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жасалды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқы кезеңге дайындықты күшейту мақсатында 2025 жылғы 27–28 қарашада «Қыс–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғаны атап өтілді. Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Бекзат Шакирбаев 2025 жылғы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанының барысы жөнінде баяндама жасады. 2025 жылы 7974 азамат медициналық тексеруден өтіп, 874 азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінде 676 сарбаз әскерге аттандырылып, олардың 426-сы Сарыағаш ауданынан шақырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұловтың айтуынша, биылғы күзгі маусымда аудан бойынша 31 700 түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Ағаштардың жерсінуін жақсарту мақсатында агротехникалық талаптарды күшейту, суару және күтім шараларын кеңейту ұсынылды. Аталған жұмыстарды сапалы орындау үшін барлық ауылдық округтер мен қала аумағына арнайы техникалар алынған.
– Біздің басты міндетіміз – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы инфрақұрылым қалыптастыру және өмір сүру деңгейін жақсарту. Әрбір сала басшысы өз бағыты бойынша жұмысты уақытылы әрі нәтижелі атқаруы қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда болады, – деп аудан әкімі Арман Абдуллаев қауіпсіздік бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы жауапты сала жетекшілеріне қауіпсіздік шараларын күшейтіп, барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар ағаш көшеттерін күтіп-баптау, суару, күзгі маусымдық жұмыстарға толық дайындықты қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту міндеттелді. Барлық тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Мәселен, атап айтканда:
— пеш жүйелерінің, электр және газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
— тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
— жылыту жабдықтарның қызып кетпеуін бақылауға алу және электр жүйесіне қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмау;
— жанғыш материалдарды пештен қауіпсіз қашықтықты сақтау;
— қолдан жасалған немесе ақаулы жылытқыштарды пайдаланудан бас тарту;
— мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда оларды тазарту.
Сонымен қатар, ТЖД жылыту аспаптарын дұрыс пайдалану өрттің алдын алудың және суық мезгілде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылатын жеткізеді.
Айта кетейік, Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет.


