Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бізге сенім білдірген халық алдында үлкен жауапкершілік бар — Сержан Байсбаев.

17 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Мәслихат
0
Бізге сенім білдірген халық алдында үлкен жауапкершілік бар — Сержан Байсбаев.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы

Мәслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін жергілікті өкілді орган. Бүгінде елдiң алдында тұрған экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi орындауға ықпал етуде мәслихаттар маңызды рөл атқарады.

2025 жылдың басынан бастап бүгінгі таңға дейін Сауран аудандық мәслихатының 9 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 68 шешім қабылдаған. Оның ішінде 8 шешім нормативтік құқықтық акті ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Бұл туралы Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев мәлімдеді.

  • Менің төрағалығымен 8 рет аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өткізіліп, аудан көлемінде маңызды 33 мәселелер қаралды.Бүгінгі таңда аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, тиісті жылдың аудандық бюджеті 2 рет нақтыланды. Аудан  бойынша 2025 жылғы бюджет көлемі 17,0 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысымен жергілікті кірістер жоспары  228,1 млн.теңгеге артығымен орындалды. Жалпы бюджеттің 64,3% — тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына, 9,3% — әлеуметтік салаға, 7,6% — көлік және коммуникация саласына, 18,8% — басқа да салаларға бөлінді. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге септігін тигізді,- деді мәслихат төрағасы.

Сонымен қатар, халық сенімін арқалаған мәслихат төрағасы  ағымдағы жылдың 11 айында жергілікті атқарушы органдарға жалпы 47 депутаттық сауал жолдаған. Оның 37-і  қанағаттандырылып, орындалыпты. Ал, қалған он сауал орындалу. Жалпы 47 депутаттық сауалдың ішінде 64 өзекті мәселе көтерілген.

  • Биылғы жылы аудандық мәслихат аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 17 өтініш келіп түсті, оның ішінде 14-і жеке тұлғалардан. Барлық келіп түскен арыз-өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, өтініш иелеріне мерзімінде жауаптар жолданды. Жалпы, алдағы уақытта Президентіміздің алдымызға қойған міндеттерін, реформаларын орындауға бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек ете беретін боламыз. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламамыздағы жұмыстарды кезең-кезеңімен атқара береміз. Өйткені, бізге сенім білдірген халық алдында үлкен жауапкершілік бар екендігін жақсы сезінеміз,-деді С.Байсбаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының құрамында жаңадан Сауран ауданы құрылған.  Аудан құрамында 12 ауылдық округ, 33 елді мекен бар. Ауданда 103 463 халық тұрады, аудан аумағы 646 200 гектарды құрайды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАР.

Келесі жаңалық

ОРДАБАСЫ: «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын тиімді жүзеге асыру, төтенше жағдайлардың алдын-алу жиыны өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі