Түркістан облысы Арыс ауданды Төтенше жағдайлар бөлімі, қызметкерлері және Арыс қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, газ инспекциясы, Жастар ресурс орталығы қызметкерлерімен бірлесе отырып тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, онатылған жылыту пештерін пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтау және улы газдан уланудың алдын алу сондай ақ тұрғын үйлердегі электр қондырғыларын және электр желілерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.
Сонымен қатар, Арыс қаласында қысқы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін алдын алу мәселелері бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды. .
Баспасөз жиынында жыл басынан бері жеке тұрғын секторында тіркелген өрт оқиғалары, зардап шеккендерге қатысты мәліметтер және өрттің негізгі себептері жарияланды. Сондай-ақ пеш пен газ электр жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, түтін тарту жүйелерін тексеру және тұрғын үйлерді қараусыз қалдырмау бойынша кеңестер берілді.
Өрт — азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық зиян келтіретін бақылаусыз жану. Негізінен өрттер ашық жану арқылы жүреді. Өрттің негізгі қауіпті факторлары: ашық от, (жалын, ұшқын); жылу ағыны; жоғары температура; жану өнімдерінің уыттылығы; оттегінің төмен концентрациясы; түтіндену, түтінге көрінудің төмендеуі. Басқармалараның: отты абайсыз қолдану; электротехникалық; электр құралдарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу; өртеу; сөндірілмеген сіріңке; алауды дұрыс орнатпау; осылайша, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау немесе білмеуі және лауазымды тұлғалар тарапынан бақылаусыздық, айналасындағылардың енжарлығы мен немқұрайлығы, жану белгілерін анықтаған адамдардың дұрыс емес, сенімсіз, құзыретті емес әрекеттері өрт қауіптілігінің ең жиі факторлары болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының жұмысшылары мен қызметшілерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Өрт қауіпсіздігі шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ өрттердің туындау себептерін талдау және олармен күресу тәжірибесі, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіптілігін бағалау негізінде әзірленеді.
Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы қаулысымен қадағаланады. Объектілердің өрт қауіпсіздігі төмендегі жүйелерімен қамтамасыз етіледі: өрттің алдын алу; өртке қарсы қорғау; ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар. Өрттің алдын — алу, өртке қарсы қорғау және ұйымдастыру — техникалық іс-шаралар жүйесінің құрамы шаруашылық жүргізу объектісінің функционалдық мақсаттарымен айқындалады және осы техникалық регламентте, сондай — ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Объектінің өрт қауіпсіздігі, егер төмендегі шарттардың бірі орындалса, қамтамасыз етілген болып саналады: осы техникалық регламентте, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде орындалды.; өрт қаупі осы техникалық регламентте белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспайды.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қаулы талаптары бойынша тіршілік әрекетінің объектілері мен өнімі (процестері) осы техникалық регламенттің, басқа да техникалық регламенттердің, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК-ның болжамына сәйкес, алдағы күндері Түркістан облысының солтүстік, оңтүстік, батыс аймақтарында, сондай-ақ таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоғарылайды.
Осы ретте Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:
таулы аймақтар мен тау бөктеріне барудан бас тарту;
табиғат аясына шығуды және аңшылыққа баруды шектеу;
автомобиль жолдарында жол жүру ережелерін қатаң сақтау;
мүмкіндігінше елді мекендерден ұзап шықпау.


