Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шұғыл түрде жұмыс жасайтын мамандар халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді.

9 января, 2026
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
Шұғыл түрде жұмыс жасайтын мамандар халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді.
0
SHARES
150
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Түркістан қаласында жедел медициналық қызметті бүгінде 240 мыңға жуық халық пайдаланады. Жалпы қала аумағында 3 кіші бекет, 3 дислокация посттары және 27 бригада бар. Соның ішінде облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына қарасты №2 кіші бекетте 10 бригада жұмыс жасайды. Мекеме меңгерушісі Медет Мейірханұлының айтуынша нөмірі 2 бекет Түркістан қаласы және Сауран ауданы мен Отырар ауданына қарасты Көлқұдық, Балтакөл ауылдарының халқына жедел медициналық қызмет көрсетумен айналысады. Қызмет көрсету  қашықтығы 100 шақырымға дейінгі арақашықтықты құрайды.

Жедел жәрдем қызметі — бұл адам өміріне қауіп төнген кезде шұғыл медициналық көмек көрсететін, санитариялық көліктермен қамтамасыз етілген, дәрігерлік, фельдшерлік және кейде медициналық авиация бригадаларын біріктіретін маңызды қызмет. Аталған бекетте бүгінде 124 қызметкер ауысыммен халыққа қол ұшын созып жәрдем беріп келеді. Олардың басты мақсаты – дер кезінде көмек көрсету арқылы адам өмірін құтқару.

Адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Со­ның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Жөңкіліп жат­қан көлік қақтығыстарында, күн­делікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, әйтеуір әр жерде, түрлі сипатта, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылады. Міне, сондай сәтте жаныңнан табылатын дәрігер білігіне көп дүние байланысты деді Медет Мейрханұлы.

 

«Жедел жәрдем» қызметіне адам жаны қысылғанда жүгінеді. Сондықтанда бір тәулікте мұнда ең азы 150 шақырту келіп түседі. Бүгінде қызмет көрсету автоматты шақырту жүйесі Асу көмек арқылы жүзеге асырылады. 103 телефонына қоңырау келіп түскен сәтте ең жақын бекетке хабарлама жіберіледі.

Осылайша 24 сағат халықтың амандығын тілейтін, дер кезінде көмекке жедел баратын жедел жәрдем қызметкерлері арнайы базаға науқастың ақпараты толтырылып санаттық дәрежеге қарай бригада санитарлы көлікпен жолға шығады. Олар күн мен уақытты санамайды. Боарнды аязда да, күннің аптап ыстығында, оқыс оқиға орын алған жерден де табыла білетін мамандар.
Айта кетейік, қалалық №2 кіші бекетте 10 санитарлық көлік бар. Оның үшеуі өткен жылы жаңартылған. Жаңарған заманауй көлікпен Дер кезінде көздеген ерге жетіп, жасалған көмек арқылы талай пенденің тұз-дәмі таусылмай, ғұмырлары жалғанғаны анық.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ТОҚЫМА БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРУ БОЙЫНША МАҚТА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ПАРЛАМЕНТТІ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕП АТАУДЫ ҰСЫНУ РУХТЫ ТЕРБЕТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі