Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: Иассы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы: негізгі нәтижелер мен басым бағыттар

10 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
САУРАН: Иассы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы: негізгі нәтижелер мен басым бағыттар
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың қорытындысы бойынша Иассы ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсіммен сипатталып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округ құрамына Еңбекші–Дихан және Шойтөбе елді мекендері кіреді. Есепті кезеңде округ халқының жалпы саны 3209 адамды құрады. Оның ішінде Еңбекші–Дихан ауылында 2831 адам (1397 ер, 1434 әйел), Шойтөбе ауылында 378 адам (183 ер, 195 әйел) тұрады. Ұлттық құрам бойынша тұрғындардың басым бөлігін қазақтар – 1731 адам, өзбектер – 1478 адам, орыстар – 1 адам құрайды. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 1962 адам.


Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету нысандары

Иассы ауылдық округінде халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік және өндірістік нысандардың желісі тұрақты түрде жұмыс істеуде. Атап айтқанда, 4 жалпы білім беретін мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 дәріхана, 3 мешіт және 1 намазхана, 2 балабақша, 1 АТС бөлімшесі, 1 жылжымалы пошта қызметі, 3 жиһаз цехы, 1 матрас цехы, 7 сауда нүктесі, 5 заңды тұлға және 198 шаруа қожалығы тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр.

Бюджет және қаржы тәртібі

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл әкімдігі аппараты 12,5 штат бірлігімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер және 6,5 азаматтық және келісімшарт негізіндегі қызметкерлер жұмыс атқарады.

Ағымдағы жылдың бюджеттік жоспары 111 млн 264 мың теңгені құрап, жыл қорытындысы бойынша қаражаттың 100 пайызы толық игерілді. Қаржы қаражаты аппарат қызметін қамтамасыз етуге, еңбекақы төлемдеріне, коммуналдық қызметтерге, қызметтік автокөлікті ұстауға, кеңсе және шаруашылық тауарларына, елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуге бағытталды.

Салықтық түсімдер

2025 жылы Иассы ауылдық округі бойынша салық түсімдерінің жылдық жоспары 39 млн 773 мың теңге болса, нақты түсім 39 млн 957,6 мың теңгені құрап, жоспар 100,5 пайызға орындалды.

Негізгі салық көздері бойынша:

  • жеке табыс салығы – 101,1 %,
  • мүлік салығы – 105,9 %,
  • жер салығы – 109,5 %,
  • көлік салығы – 101 %,
  • жер сату түсімі – 419,1 %,
  • бірыңғай жер салығы – 100,7 % деңгейінде орындалды.

Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту

«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында және халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша 2025 жылы:

  • жастар практикасына – 28 адам,
  • қоғамдық жұмыстарға – 18 адам тартылды,
  • тұрақты және уақытша жұмыс орындары – 184 адамды қамтыды,
  • ұлттық жоба шеңберінде 8 жаңа жұмыс орны ашылды.

Округте 6 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Оларға арнайы әлеуметтік қызметкер бекітіліп, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілуде.

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек 23 отбасының 138 мүшесіне тағайындалып, 11 млн 315 мың теңге төленді.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1 отбасыға 140 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар демеушілер есебінен 38 аз қамтылған отбасына киім-кешек пен азық-түлік жеткізілді. Шойтөбе және Еңбекші–Дихан ауылдарының екі тұрғынына көмір жеткізіліп берілді.

Мәдениет және спорт

Ауыл әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен 2025 жылы округ аумағында 9 мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. Бұл шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етті.

Ауыл шаруашылығы және жер қоры

Иассы ауылдық округінің жалпы жер көлемі 31 234,89 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 28 234,89 гектар.

2025 жылы егістік жерді игеру жоспары 1330 гектар болса, нақты орындалуы 1335 гектарды құрап, жоспар 102 пайызға орындалды. Егіс алқаптарының құрылымында жоңышқа, бидай, көкөніс, бақша, жүгері және мақта дақылдары негізгі үлесті иеленді.

Егістіктен алынған өнім көлемі:

  • көкөніс – 5175 тонна,
  • бақша өнімдері – 4040 тонна,
  • жоңышқа – 4280 тоннадан астам,
  • сүрлемдік жүгері – 2000 тонна,
  • мақта – 855 тонна,
  • жеміс-жидек – 1030 тонна,
  • жүзім – 40 тонна.

Мал азығы және агрохимия

2025 жылы округ бойынша 25 598 тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде жоңышқа – 4280 тонна, табиғи шөп – 3684 тонна, сабан – 108 тонна, сырттан сатып алынғаны – 17 526 тонна.

Амиак селитрасын алу жоспары 300 тонна болса, 49 шаруа қожалығы 246,51 тонна тыңайтқыш алды. Жанар-жағармай бойынша 40 шаруашылық 91,2 тоннаға өтінім беріп, қазіргі таңда 23,2 тоннасы жеткізілді.


Инвестициялар және техника жаңарту

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі жоспарланған 300 млн теңгенің орнына 1 млрд 362 млн 592 мың теңгені құрады.

2025 жылы округке 9 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, техникаға салынған инвестиция көлемі 226,7 млн теңгеге жетті.

Мал шаруашылығы бағытында мал қоралары мен малшы үйлерінің құрылысы арқылы 1 млрд 135 млн 892 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы округте 0,53 гектар аумаққа жылыжай салынып, жоспар 101 пайызға орындалды.

Төртінші тоқсанда округ бойынша 2791,8 тонна ет және 301,1 тонна сүт өндірілді.

Мал басы

2025 жылғы қорытынды бойынша Иассы ауылдық округінде:

  • ірі қара – 3897 бас,
  • ұсақ мал – 24 867 бас,
  • жылқы – 4068 бас,
  • түйе – 549 бас,
  • құс – 11 700 бас тіркелді.

«Ауыл аманаты» және несиелік қолдау

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несиемен Еңбекші–Дихан ауылындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне құрал-жабдықтар алу үшін 27 млн теңге бөлінді.

25 азамат жылқы бордақылау бағыты бойынша 215 млн теңге несие алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Тағы 4 азаматқа 6,5 пайыздық несие арқылы 85 млн теңге көлемінде қаржы беріліп, мал басын көбейту жобалары іске асырылды.

Коммуналдық сала және абаттандыру

Ауыз су қызметі бойынша округте 420 абонент тіркелген. Оның ішінде 396 абонентте су есептегіш құралдары орнатылған. Қалған абоненттерге орнату жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, нәтижесінде 13,4 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылды.

Жасыл аймақ бағдарламасы аясында ауыл көшелеріне және сквер аумағына жалпы 630 түп ағаш пен көшет отырғызылып, оларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың өтініштері және қоғамдық тұрақтылық

2025 жылы ауыл әкімдігіне 87 арыз-өтініш келіп түсті. Оның 83-і қанағаттандырылып, 2-еуі қанағаттандырылмады, 2 өтініш бойынша жұмыстар жалғасуда.

Діни және қоғамдық ахуал тұрақты. Округте 3 мешіт және 1 намазхана жұмыс істейді. Кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған.

Білім беру және денсаулық сақтау

Округ аумағында 4 мектеп жұмыс істейді. Онда 941 оқушы білім алуда. Мұғалімдер саны – 106, кіші қызметкерлер – 46.

«Жауқазын» және «Leyla kids» балабақшаларында 283 бала тәрбиеленуде.

Денсаулық сақтау саласында 2 ФАП және 1 емхана қызмет көрсетеді. Жалпы 20 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 2 дәрігер бар. 2025 жылы туберкулез және бруцеллез аурулары тіркелмеген.

Қоғамдық қауіпсіздік және әскерге шақыру

2025 жылы округ аумағында 1 қылмыс тіркеліп, толық ашылды. Қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында жаңа полиция пункті ашылды.

Әскерге шақыру науқаны барысында 122 азамат зерделеуден өткізіліп, 8 азамат мерзімді әскери қызметке жіберілді.


Инвестициялық жобалар

Еңбекші–Дихан ауылында 8 гектар аумақты қамтитын индустриялық аймақ құрылып, 20 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастаған. Болашақта мұнда 24 өндіріс орны ашылып, 600-ге жуық жұмыс орны құрылуы жоспарлануда.

Түркістан–Кентау автожолы бойында «Дәморда» азық-түлік кешенінің өндірістік кластері салынуда. Жоба аясында 18 инвестор өз кәсіпорнын іске қоспақ.

Сондай-ақ жеке инвестор есебінен жаңа емхана мен дәріхана құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны – 82 млн теңге.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында 21 гектар аумақта бордақылау алаңы мен мал сою кешенін қамтитын ірі инвестициялық жоба іске асуда.

Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары

2025 жылы округте:

  • 3 жаңа трансформатор орнатылды,
  • Шобанақ көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді,
  • 6 бейнебақылау камерасы орнатылды,
  • барлық көшелерге аншлагтар қойылды,
  • бірнеше көшеге жарық шамдары орнатылды,
  • Шобанақ көшесі бойына заманауи LED экран іске қосылды.

Өзекті мәселелер

Алдағы кезеңге Иассы ауылдық округі үшін келесі маңызды мәселелер өзекті болып отыр:

  • Еңбекші–Дихан ауылының Абай көшесін күрделі жөндеуден өткізу;
  • бірқатар көшелерді жарықтандыру жобаларына қаржы бөлу;
  • мәдениет үйі мен клуб-кітапхана салу;
  • Шойтөбе ауылында балалар ойын және спорт алаңын салу;
  • тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аумақтарға инженерлік инфрақұрылым тарту;
  • Еңбекші–Дихан ауылын газдандыру және Шойтөбе ауылы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау.

Жалпы алғанда, Иассы ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты сақталып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды.


Иассы ауылдық округінің әкімі — Пірметов Сыздық Хамзаұлы 

 

Алдыңғы жаңалық

Ел болашағы үшін жасалған тарихи қадам – Жаңа Конституция

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ШЕКАРАДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі