Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІ ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ОБЛЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

21 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет, Өңірдегі өзгеріс
0
ТҮРКІСТАН: ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІ ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ОБЛЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін басқа облыстарда қолдану жоспарланған. Тәжірибе алмасу мақсатында өңірлердің Түркістан облысына іссапарлары жалғасуда. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің салаға жауапты өкілдерінен құралған делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған аймақтарды аралады, деп хабарлайды «Aqparatinfo.kz» сайты.
Іссапар барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, кәсіпорындардың жұмысын бақылады. Сонымен қатар Түркістан қаласында іске асырылып жатқан өндірістік парктердің құрылыс барысын көрді. Одан бөлек, Арнайы экономикалық аймақ және Индустриялды аймақта болып, сол аумақтарда орналасқан жобалармен танысты.
Жалпы, Түркістан облысындағы барлық аудан және қалаларда 25 шағын өндірістік алаңдар құрылып, 258 өндірістік ғимарат салынып жатыр. Қазіргі таңда 120 ғимараттың құрылысы аяқталды. Аталған аумақтарда жобаларды іске асыру есебінен өткен жылы 27 млрд теңгеге импортты алмастыру тауарлары шығарылды. Іске қосылған жобалардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар.
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЗАМАНАУИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛАНЫҢ АЖАРЫН АЙҚЫНДАП ТҰР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі