Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ғани Раймбеков — «Қажымұқан атындағы Түркістан облысының белбеу күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Президенті болып сайланды

22 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Спорт
0
0
SHARES
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Түркістан арена» стадионында 22 сәуір күні «Қажымұқан атындағы Түркістан облысының белбеу күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров төрағалық етті.


Мәжіліс барысында өңірде белбеу күресін дамыту жұмыстары талқыланды. Қазіргі таңда бұл спорт түрі облыстың 8 мекемесінде дамып, 22 жаттықтырушы 437 спортшымен тұрақты түрде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – қоғамдық бірлестіктің Президентін сайлау болды. Осыған байланысты Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, Ордабасы ауданының тумасы Ғани Раймбеков кандидатурасы ұсынылды.


Дауыс беру қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан қолдау білдіріп, Ғани Ахылбекұлы «Қажымұқан атындағы Түркістан облысының белбеу күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Президенті болып сайланды.

Жиында алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген басқарма басшысы Ғалымжан Батырханұлы жаңа Президентке сәттілік тілеп, өңірде белбеу күресін дамыту бағытында бірлескен жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Өз кезегінде жаңадан сайланған Президент Ғани Раймбеков көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта белбеу күресін дамытуға, спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетуге және спорт инфрақұрылымын нығайтуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, федерация жұмысының жаңа даму кезеңі бастау алды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЗАМАНАУИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛАНЫҢ АЖАРЫН АЙҚЫНДАП ТҰР

Келесі жаңалық

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі