Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

3 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан өңірінде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында орналасқан Орталық саябақ жаңартылып, заманауи ойын-сауық алаңшасы пайдалануға берілді. Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жаңартылған саябақ аумағында заманауи инфрақұрылым қамтылған. Атап айтқанда, орталық бөлігінде әсем субұрқақ орнатылып, оның айналасы көгалдандырылып, жасыл желекпен көмкерілген. Жаңа демалыс аймағында 20-ға жуық аттракцион орнатылып, балалар мен ересектерге арналған қауіпсіз әрі жайлы ойын-сауық мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар келушілер үшін ыңғайлы фуд-корт аймақтары мен демалыс орындары жасақталған. Жоба инвесторлар есебінен жүзеге асырылып, оған шамамен 675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған.

Мерекелік шара барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жергілікті этнос өкілдері ұйымдастырған көрмені аралап, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні елдегі татулық пен келісімнің символы екенін атап өткен облыс басшысы Президент тапсырмалары аясында өңірде этносаралық келісімді нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бүгінде Сайрам ауданында 243 мыңнан астам халық өмір сүріп, олардың қатарында 39 этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – еліміздегі қоғамдық келісім мен бірліктің нақты көрінісі.

Жаңа ойын-сауық паркі – Сайрам ауданының тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қоспақ.

Бірлік пен ынтымақ мерекесі құтты болсын!

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӨТКЕН ТҮНГІ МАРАФОНҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АТЛЕТ ҚАТЫСТЫ

Келесі жаңалық

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі