Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАНДА ІРІ ЖОБАЛАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.

24 мая, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА ІРІ ЖОБАЛАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түркістан облысы еліміздегі инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің біріне айналды. Өңірде әлеуметтік – экономиканы көтеру бағытында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, индустриялық инфрақұрылымды жетілдіру және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету нәтижесінде бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Осындай маңызды жобалардың бірі жақында Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде іске қосылмақ. Қытайлық Huating Biotechnology компаниясы аудан аумағында ірі қара мал сүйегін терең өңдейтін зауыт құрылысын қолға алған. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 9 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі таңда 10 гектар аумақта өндірістік кешеннің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген. Зауытта негізінен үш бағыт бойынша өнім шығару жоспарланған. Атап айтқанда, мал сүйегі мен қанын өңдеу арқылы дәрі-дәрмек өндірісіне қажетті пептон, авиаотын өндірісінде қолданылатын май және фарфор өндірісіне арналған көмір дайындалады. Сонымен қатар 2027 жылдан бастап мал қанын өңдеу арқылы мал шаруашылығына қажетті жем өндіру көзделіп отыр. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна сүйек өңдеуге қауқарлы.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бұл өндіріс өңірдегі шикізатты терең өңдеу үлесін арттырып қана қоймай, қалдықсыз өндіріс технологиясын дамытуға және экспортқа бағытталған өнім көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Huating Biotechnology компаниясының басшылығы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдау жобаның жедел іске асуына оң әсер еткенін жеткізді.

Айта кетейік, аталған жоба облыста жүзеге асырылып жатқан импортты алмастыруға бағытталған өндірістердің бірі. Жалпы Түркістан облысында жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге басымдық беріліп, өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті дамыту, инвестиция тарту және импортты алмастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Біз бірінші кезекте, республика және облыстың тауар айналымына, сондай-ақ өңірдің шикізаттық әлеуетіне кешенді талдау жүргізілді. 2025 жылы өңірдің сыртқы тауар айналымы 3,5 млрд АҚШ долларына жетіп, өсім 34,6 %-ды құраған. Соңғы үш жылда экспорт көлемі 142%-ға ұлғайып, 2025 жылы 1,8 млрд АҚШ долларына жетті.  Сыртқы саудада 5 негізгі стратегиялық серіктес мемлекеттер айқындалды. Олар: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Германия және Чехия елдері.

Бүгінде өңірде тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел әрі сапалы шешу басты назарда. Осы бағытта әкімдік пен мәслихаттың бірлескен жұмысы айрықша маңызға ие. Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталған. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республика бойынша 2 орында тұр. Бұл – облысымыздың әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, бірлескен жұмысты жандандыра тусу басты мақсат.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге (7 025 жұмыс орны), индустриялды аймақтарда 132,3 млрд  теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар облыста шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 214 гектар аумаққа 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл бағытта жалпы сомасы 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда (5 218 жұмыс орны). Осы бастама өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Импортты алмастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жалпы құны 176 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде, жүгеріні терең өңдеу, түрлі-түсті сусындар, жіп иіру, ламинат, тоңазытқыш жабдықтары мен газ қазандықтарын өндіру, сондай-ақ бірреттік ыдыс-аяқ пен орау материалдарын (скотч) шығару, алюминий бұйымдарын өндіру жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде John Deere және Lovol ауыл шаруашылығы техникалары мен дрон өндірісі, бояу-әрлеу, тігін және джинс маталары өндірісі, күкірт қышқылы және карбамид өндірісі, биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндірісі, ірі қара мал сүйегінен май мен пептон компоненттерін өндіретін импортты алмастыруға бағытталған 280 млрд теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта да, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуда бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылмақ.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

Келесі жаңалық

Рухани құндылықтарды ұлықтау және туризм саласын дамытуда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі