Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 июня, 2026
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысы соңғы жылдары Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Облыс экономикасының негізгі тіректері – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, кәсіпкерлік және туризм салалары болып табылады.  Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде биыл іске асырылатын инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы және облыс аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған экономикалықұ жобаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын барысында жауапты сала басшылары мен аудандар мен қалалардың әкімдері және жоба бастамашылары жобалардың іске асу барысы, дайындық деңгейі, туындаған мәселелер бойынша баяндап, өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Қанат Қайыпбек жауапты тұлғаларға инвестициялық жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру, оларды сүйемелдеу тетіктерін күшейту және туындаған кедергілерді жедел шешу бойынша бірқатар тапсырма берді.

–  Инвестициялық жобалардың әрқайсысы уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Туындаған кедергілерді созбалаңға салмай, жедел шешу қажет. Әр жоба – өңірдің әлеуметтік — экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер етеді. Сондықтан барлық жауапты басқармалар мен аудан-қала әкімдіктері үйлесімді жұмыс істеп, нақты нәтижеге бағытталуы керек. Әрбір инвестициялық бастаманың нәтижесі, тиімділігі және жұмыс орындарының саны тұрақты бақылауда болады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Түркістан облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА орналасқан «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС 16 роторлы (айналмалы) иіру желісімен жабдықталған тоқыма зауытының құрылысын қолға алған. Келес ауданында «Ажур» ЖШС қуаттылығы 20 МВт күн электрстанциясын салып жатыр. Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» АӨК жемістерді қайта өңдеу цехы және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жетісай ауданындағы «Olzha Smart» ЖШС жалпы білім беретін мектебі соғылуда. Бәйдібек ауданында «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК мақта өңдеу мен тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорынның құрылысын іске асыруда.

Түркістан облысында инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады. Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да өңірге 1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Осы мақсатта жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Түркістан облысы бүгінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция және кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімнің арқасында еліміздің экономикалық даму локомотивтерінің біріне айналып отыр. Инвестициялық жобалардың көбеюі, жаңа өндірістердің ашылуы және инфрақұрылымның жақсаруы өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша нақты міндеттер жүктеген. Осыған сәйкес облыс әкімінің тапсырмасымен өңір экономикасына терең талдау жүргізіліп, әр аудан мен қаланың экономикалық ерекшелігі, шикізаттық әлеуеті, өндірістік мүмкіндігі, импортқа тәуелділігі мен ішкі нарық сұранысы жан-жақты сараланған. Айта кетейік, биылғы алғашқы 4 айда облыстың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 125 пайызды құрап, республика бойынша бірінші орынға шықты. 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Бұл жобалар нәтижесінде 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемін 2,6 есеге арттыру, ал өзіндік кірістерді 2,3 есеге ұлғайту жоспарланған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 5,1 трлн теңгелік көрсеткішті 2030 жылға қарай 13 трлн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке тәуелділік 40 пайызға дейін төмендемек. 2025 жылы облыстың сыртқы тауар айналымы 3,5 млрд АҚШ долларына жетіп, өсім 34,6 пайызды құраған. Экспорт көлемі соңғы үш жылда 42 пайызға өсіп, 1,8 млрд АҚШ долларына жеткен.

Шикізатты терең өңдеу және қосымша құны жоғары дайын өнім шығару бағытында нақты шаралар қабылданды. Импорт құрылымын талдау нәтижесінде 154 млн АҚШ долларына дейінгі тауарларды өңір ішінде өндіруге мүмкіндік бары анықталды. Импортты алмастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жалпы құны 176 млрд теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба іске қосылған. Атап айтқанда, Түркістан қаласында «Lihua» компаниясының жіп иіру фабрикасы, «QazLaminat» ламинат зауыты, «Er Qan» бір реттік ыдыс-аяқ өндірісі және «QazEcoPack» скотч шығаратын зауыты жұмысын бастаған.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: «БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ДАМУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі