Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН SINOPEC КОМПАНИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

12 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН SINOPEC КОМПАНИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында әлемдегі жетекші инженерлік және өнеркәсіптік компаниялардың бірі – Sinopec Nanjing Engineering компаниясының бас директоры әрі партия комитеті хатшысының орынбасары У Цзибо және «САУТС-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейтжановпен маңызды келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында мұнай-газ химиясы, энергетика, өнеркәсіптік инфрақұрылым және жоғары технологиялық өндіріс бағыттарында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндіктерін талқылады. Аталған бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға және өңірдің экономикасын, инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық жолы дамығанын, қолайлы географиялық орналасуын, көлік-логистикалық мүмкіндіктерін, арнайы экономикалық аймақтардағы жеңілдіктерді және инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырды. Сонымен қатар өңірде өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, жаңа өндірістер ашуға және заманауи технологияларды енгізуге барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірімізге инвестиция тарту, әлеуметтік — экономиканы көтеруді және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту – негізгі басымдықтардың бірі. Біз халықаралық деңгейдегі серіктестермен бірлесіп жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға мүдделіміз, – деді облыс әкімі Н.Көшеров.

Өз кезегінде инвестор Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Компания мұнай өңдеу, мұнай-химия, энергетика, экологиялық технологиялар және цифрлық инженерия салаларындағы көпжылдық халықаралық тәжірибесін өңірдің индустриялық дамуына бағыттауға дайын екенін мәлімдеді.

Келіссөздер барысында тараптар мұнай-химия кешендері, газ өңдеу инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері, төмен көміртекті технологиялар және инженерлік қызметтер бағытындағы перспективалы жобаларды қарастырды. Сондай-ақ жергілікті кадрларды даярлау, технология трансферті және өндірісті кезең-кезеңімен оқшаулау мәселелері де талқыланды. Нәтижесінде Түркістан облысының әкімдігі, Sinopec Nanjing Engineering және «САУТС-Ойл» компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі жұмыстарды бастауға және инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаласты.

Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастырып қана қоймай, Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасының тұрақты дамуына қуатты серпін береді деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінде өңірде тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел әрі сапалы шешу басты назарда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталған. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республика бойынша 2 орында тұр. Бұл – облысымыздың экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, бірлескен жұмысты жандандыра тусу басты мақсат.

Алдыңғы жаңалық

Өңірдің экономикасын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар қалыптасты.

Келесі жаңалық

Ауқымды инвестициялық жобалар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі