Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

13 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытайдың жетекші экономикалық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі, Түркістан облысына бауырлас ел саналатын Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы – Ухань қаласында маңызды кездесулер өткізіп, өңірдің экономикалық ахуалын,  инвестициялық әлеуетін таныстырды. Нәтижесінде Түркістан облысында экономикаға тың серпін беретін жүзеге асырылуы мүмкін жаңа инвестициялық жобалардың ауқымды пулы қалыптасты.

Сондай-ақ сапар аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек пен ресми делегация мүшелері Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының атқарушы төрағасы әрі бас хатшысы Хуан Лисямен кездесіп, Қытайдың өнеркәсіп, құрылыс, көлік-логистика және инфрақұрылым салаларындағы жетекші инвесторларымен келіссөздер жүргізді.  Кездесулердің басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, «Бір белдеу – бір жол» халықаралық бастамасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және Түркістан облысының экономикасын көтеретін жаңа технологиялар мен инвестициялар тарту болды.

Тараптар экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, инфрақұрылым, құрылыс және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жан-жақты талқылады. Қытайлық компаниялар Түркістан облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық ұсыныстарын таныстырып, өңірдің әлеуметтік – экономикасына, өндірістік және логистикалық мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.

Жұмыс сапары барысында делегация Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығы базасында ұйымдастырылған арнайы жұмыс кездесуіне және дөңгелек үстелге қатысты. Кездесуге Қытайдың құрылыс, инженерлік және инфрақұрылым саласындағы жетекші компаниялары қатысты. Аталған компаниялар жол құрылысы, теміржол инфрақұрылымы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, инженерлік жүйелер, көпірлер салу және көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарында халықаралық тәжірибеге ие. Инвесторлар Түркістан облысында болат конструкциялар өндірісін ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық жобасын таныстырды. Компания көпір тіректерін қорғауға арналған болат құбырлар, микротоннель жүйелері, дренаждық құрылымдар, күрделі металл конструкциялар, өнеркәсіптік ғимараттарға арналған элементтер және модульдік тұрғын үйлер өндірісімен айналысады. Компания өкілдері Түркістан облысында өндірістік алаң құру мүмкіндіктерін қарастыруға және жергілікті серіктестермен жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

Бүгінде Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 миллиард теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылған.

Түркістан облысы мен Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығы арасындағы серіктестік 2024 жылдан бері дамып келеді. Осы кезеңде қауымдастық өңірге шетелдік инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытында тиімді алаңға айналды.

Қазіргі таңда Ухань қаласында Түркістан облысының өкілдігі жұмыс істейді. Сонымен қатар Түркістан қаласында Хубэй халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының өкілдігі ашылған. Бұл екіжақты экономикалық байланысты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.

Кездесулер барысында қытайлық инвесторларға Түркістан облысының экономикалық артықшылықтары таныстырылды. Атап айтқанда, өңірдің тиімді географиялық орналасуы, халықаралық көлік дәліздеріне жақындығы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Қытайлық кәсіпкерлер Түркістан облысының экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, өндіріс, құрылыс материалдары, көлік-логистика, агроөнеркәсіптік кешен және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, нақты жобаларды пысықтау және өзара тиімді әріптестікті дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Түркістан облысы бүгінде Қазақстандағы инвестиция тарту қарқыны жоғары өңірлердің бірі саналады. Қытайдың Хубэй провинциясында өткен келіссөздердің нәтижесінде қалыптасқан жаңа жобалар пулы алдағы жылдары өңірдің әлеуметтік — экономикасының өсуіне, жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының құрылуына және экспорттық әлеуеттің артуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

ҚЫТАЙ ТӘЖІРИБЕСІ ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан: Әрбір жоба тұрақты бақылауда.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі