Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан: Инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

17 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан: Инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өндірісі өсіп, инвестициялық жобалар саны артып келеді. Ауыл шаруашылығы негізгі драйвер болып қалып отыр. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы өңір мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде. Осы мақсатта, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров SP ООО «ZHONGTIAN CHEMICAL» компаниясының өкілдерімен кездесті. Басқосуда Қазығұрт ауданының экономикасын көтеретін инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында компания өкілдері өңірде іске асыру жоспарланып отырған жобаның негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ өндіріс орнын орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімін анықтау және инвестициялық ахуалға қатысты мәселелер қаралды.

Облыс әкімі Түркістан өңірінде инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтіп, өндіріс орындарын ашу мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Кездесу қорытындысында инвесторларға өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, жобаны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен жоспарлар қаралды. Жоба жан-жақты зерделенетін болды.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысына  5 айда 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып,  өсім 150,5%-ды құрады. Облыста 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын, 17820 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен 608,9 млрд теңгеге 30 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.  Нәтижесінде 7 799 жұмыс орны құрылады.

Айта кетейік, Түркістан облысында елді мекендерді, қалалар мен аудандарды әлеуметтік маңызы бар нысандармен, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мұның барлығы өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына серпін болуда. Биыл өңірде 93 нысанның құрылысына бюджеттен 77,3 млрд теңге бөлінген. Жыл қорытындысында 58 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 7-еуі ел игілігіне тапсырылған.

Сонымен өқатар, Түркістан облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «TURAN» АЭА орналасқан «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС 16 роторлы (айналмалы) иіру желісімен жабдықталған тоқыма зауытының құрылысын қолға алған. Келес ауданында «Ажур» ЖШС қуаттылығы 20 МВт күн электрстанциясын салып жатыр. Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» АӨК жемістерді қайта өңдеу цехы және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жетісай ауданындағы «Olzha Smart» ЖШС жалпы білім беретін мектебі соғылуда. Бәйдібек ауданында «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК мақта өңдеу мен тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорынның құрылысын іске асыруда.

Түркістан облысында инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңгеге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады. Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл да өңірге 1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Осы мақсатта жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Түркістан облысы бүгінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция және кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімнің арқасында еліміздің экономикалық даму локомотивтерінің біріне айналып отыр. Инвестициялық жобалардың көбеюі, жаңа өндірістердің ашылуы және инфрақұрылымның жақсаруы өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша нақты міндеттер жүктеген. Осыған сәйкес облыс әкімінің тапсырмасымен өңір экономикасына терең талдау жүргізіліп, әр аудан мен қаланың экономикалық ерекшелігі, шикізаттық әлеуеті, өндірістік мүмкіндігі, импортқа тәуелділігі мен ішкі нарық сұранысы жан-жақты сараланған.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Өңірде экономикалық тұрақты өсім бар.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 58 ЖАҢА НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі