Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Ауылым – әнім» ән кеші өтті.

29 мая, 2026
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Ауылым – әнім» ән кеші өтті.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгін Түркістан қаласының зәулім «КОНГРЕСС ХОЛЛ» концерт сарайында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Ауылым – әнім» атты мерекелік ән кеші өтті.

Ауқымды мәдени шараның басты мақсаты — ұлттық өнер арқылы ауыл өмірінің рухани-мәдени келбетін дәріптеп, қоғам назарын атамекен мен туған жер тақырыбына аудару болды

Қазақ өнерінде ауыл мен туған өлке тақырыбына арналған музыкалық туындылардың орны ерекше. Белгілі ақындар мен сазгерлер бұл қастерлі тақырыпты әрдайым зор шабытпен ән мен жырларына арқау етіп келеді. Халық жадында сақталған осындай құнды шығармалар арқылы ауылдың табиғаты, мәдениеті, еңбек адамы мен шынайы ұлттық болмысы бүгінгі кеште кеңінен насихатталды. Шара ұйымдастырушылары ән арқылы жұртшылықтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауды көздеді.

Іс-шара аясында елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өңірдің өнерпаздары бір сахнада тоғысып, Түркістан жұртшылығына ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Қанат пен Света Айтбаевтар, Марат Ілиясов, Досымжан Таңатаров, Ғаділбек Жанай, сондай-ақ жергілікті таланттар ауыл тақырыбына арналған әндерді орындап, көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, ауыл тақырыбының қазақ ақын-композиторлары шығармашылығындағы орны айшықталып, ұлттық өнердегі рухани сабақтастық пен мәдени байланыс айқын көрініс тапты

«Ауылым – әнім» кеші ауыл рухын асқақтатып, ел бірлігі мен мәдени құндылықтарды дәріптеген мазмұнды әрі тағылымды шараға айналды

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ӨҢІРДІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

АРЫСТА ФРАНЦУЗДЫҚ ALSTOM КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА СЕРВИСТІК ДЕПОСЫ САЛЫНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі