Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан : өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған жаңа өндірістер ашылып жатыр

24 июня, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан : өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған жаңа өндірістер ашылып жатыр
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровнің төрағалығымен аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларының қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өндірістік парктерді дамыту мәселесіне арналған мәжіліс өтті.  Жиында өңірдегі өндірістік парктердің құрылысы, экономикалық даму,  инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары сараланды.  Бүгінде облыста 29 шағын өндірістік парк құрылып, 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Оның 150-і пайдалануға берілді. Жалпы құны 226,9 млрд теңгені құрайтын 269 инвестициялық жоба қалыптастырылып, бүгінгі таңда 98 жоба іске қосылды. Өндірістік парктерде өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған жаңа өндірістер ашылып жатыр. Шаға өндірістік паркінде жиһаз өндірісі, сэндвич-панель және металл бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастаған. Сауран ауданында да жиһаз, құрылыс материалдары мен металл өңдеу бағытындағы өндірістер іске қосылып, жаңа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Шардара ауданында модульді және капсулалы үйлер, термопанельдер, қасбеттік және декоративті материалдар шығаратын цехтар ашылды. Отырар ауданында темір бұйымдары, құрама жем, жемістерді сублимациялық әдіспен кептіру және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылды.  Төлеби ауданында полиэтилен өнімдері, пластик есік-терезелер, жиһаз және құрылыс материалдары өндірісі жолға қойылды. Қазығұрт ауданында бал шаруашылығына арналған жәшіктер, матрас шығару және пластик ыдыстарды қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылуда. Жетісай ауданында жиһаз жасау, металл бұйымдарын өндіру және дәнекерлеу цехтары жұмысын бастады. Созақ ауданында төрт өндірістік жоба іске қосылып, дайын ғимараттар кәсіпкерлерге берілді.

Сонымен қатар Түркістан, Арыс, Кентау қаласы, Ордабасы, Сарыағаш, Мақтаарал, Келес, Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарындағы өндірістік парктерде құрылыс жұмыстарын аяқтау, инженерлік инфрақұрылымды жеткізу және инвесторлар орналастыру жұмыстары жалғасуда. Мәжілісте кейбір өндірістік парктерде электрмен қамту, құрылыс қарқыны және жобаларды іске қосу мерзімдерінің кешеуілдеуі де талқыланып, электрге жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров барлық аудан және қала әкімдеріне өндірістік ғимараттардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, бос тұрған нысандарға инвесторлар тартуды, меморандум жасалған жобаларды нақты өндіріске айналдыруды тапсырды. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым мәселелерін жедел шешіп, өндірістік парктердің екінші кезеңі аясында салынатын жаңа өндірістік ғимараттардың құрылысын уақтылы аяқтауды міндеттеді.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы айларында облыстың қысқа мерзімді экономикалық өсімі 125 пайызды құрап, республика бойынша бірінші орынға шықты. 2026-2029 жылдарға жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 5,1 трлн теңгелік көрсеткішті 2030 жылға қарай 13 трлн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке тәуелділік 40 пайызға дейін төмендемек. Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артуда.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Smart Shuttle Bus Turkistan қалалық экскурсиялық маршруты іске қосылды.

 

Smart Shuttle Bus Turkistan жобасы Түркістанның негізгі туристік және әлеуметтік – экономикалық  нысандарын бір маршрутқа біріктіреді. Маршрут  Түркістан қаласының әуежайынан басталып, теміржол вокзалы, Жаңа мешіт, Ботаникалық бақ, Мұз сарайы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен-сарай туристік кешені, Қолөнершілер орталығы, Этноауыл, Ескек есу арнасы, Гауһар ана кесенесі және Орталық базар бағыттарын қамтиды.

Жоба аясында туристерге арналған заманауи цифрлық сервистер енгізілген. Атап айтқанда, QR-код арқылы билет сатып алу, 1 және 3 күндік Turkistan Pass жүйесі, үш тілдегі аудиогид, Telegram және WhatsApp чат-боттары, онлайн карта мен GPS мониторинг қызметтері қолжетімді болады. Сонымен қатар жолаушылар автобустың нақты уақыттағы қозғалысын және келу уақытын бақылау мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсиялық автобустар Wi-Fi желісімен, кондиционермен және USB қуаттау құрылғыларымен жабдықталған. Қозғалыс аралығы 15–20 минутты құрайды. Автобус күн сайын Визит центр автотұрағы мен Керуен сарай алдынан  сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Айта кетейік, «Red Bus» экскурсиялық автобусының сыйымдылығы 65 орынға арналған. Билет құны балалар үшін – 2 000 теңге, ересектер үшін – 3 000 теңге. Баға құрамына трансфер, гид және координатор қызметтері кіреді.

 

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: Өңірде жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, ерте жүктілік, буллинг, сталкинг бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ӨНДІРІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі