Понедельник, 23 ноября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АДАЛДЫҚ – ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, АЛ СЕНІМ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ

8 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған облыстық кездесу-семинар өтті. Жиынның басты мақсаты – қоғамда заң талаптарын сақтау, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ортақ ұстанымды қалыптастыру. Іс-шараны Кентау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Сейфуллин Құрықбаев жүргізді. Кездесудің спикері  Бекбосынов Ермек Төленұлы, халықаралық құқық маманы.

Бұл бағыт «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен тікелей сабақтас. Себебі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі ең алдымен ашықтықтан, әділдіктен және азаматтардың мәселесіне бейжай қарамаудан қалыптасады. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, мемлекеттік қызметте адалдық пен әдеп қағидаттарын сақтау, қоғамда ашықтық пен заң үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Конституцияның негізгі қағидаттары, Халықтық кеңестің қызметі, алдағы саяси науқан – Құрылтай сайлауы, азаматтық жауапкершілікті арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.

«Адал азамат» тұжырымдамасы – әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеп, қоғам алдындағы міндетін адал атқаруын көздейді. Адалдық тек мемлекеттік қызметкерге емес, қоғамның әр мүшесіне ортақ құндылық болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек жазалау шараларымен шектелмейді. Оның ең тиімді жолы – жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, жастардың бойына адалдық құндылықтарын сіңіру және қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара сенімді нығайту.

Жиынға қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл әкімдіктері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлермен пікір алмасты. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтіліп, адалдық құндылықтарын дәріптеу мен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Адал қоғам – әділетті мемлекеттің берік негізі. Сондықтан әр азаматтың дауысы естіліп, әр мәселе заң аясында әділ шешімін табатын қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.

Алдыңғы жаңалық

ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІ – МЕМЛЕКЕТТІҢ НАЗАРЫНДА!

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТ: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП, ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ – ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі