Понедельник, 23 ноября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ҚАРНАҚТА – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ЖАҢА «ДОСТЫҚ ҮЙІ»

6 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
КЕНТАУДАҒЫ ӨНДІРІС – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ!
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. «Достық үйі» – түрлі қоғамдық бастамалардың басын біріктіріп, азаматтардың өзара түсіністігі мен ынтымағын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік нысан. Бұл – елді мекеннің инфрақұрылымын ғана емес, қоғамдық ортасын дамытуға бағытталған нақты қадам.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Жаңа нысанды толық аралап көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

— Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа 300 орындық «Достық» үйінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аймақтарда «Достық» үйлерін көбейтуді тапсырған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс орталығында «Достық» үйі ашылып, ауқымды жиындарды қабылдайтын орынға айналды. Сонымен қатар,  елімізде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты орнығып келеді. Бұл – халықтың үніне құлақ асатын, азаматтардың ұсынысы мен мәселесіне нақты жауап беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырудың маңызды негізі. Біздің басты міндетіміз – елдің әрбір азаматына қолайлы жағдай жасау. Қала мен ауылдың арасындағы әлеуметтік инфрақұрылым айырмашылығын азайтып, халыққа қажетті нысандарды көбейту – осы бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижесі. «Достық үйі» атауының өзі үлкен мағынаға ие. Достық бар жерде – бірлік бар. Бірлік бар жерде – береке бар. Сондықтан бұл ғимарат түрлі қоғамдық бастамалардың басын қосып, тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылайтын, жастар мен аға буынның тәжірибесін сабақтастыратын, ел игілігіне бағытталған жобалар жүзеге асатын ортаға айналады деп сенемін.Қазақ руханияты мен ел бірлігін насихаттайтын мұндай орталықтардың маңызы зор. Қарнақта бой көтерген жаңа нысан – елдің рухани өмірін жандандырып, өнер мен мәдениеттің, бірлік пен татулықтың алтын ордасына айналады деп сенемін.  Қарнақ ауылы – талай ғұлама мен дін қайраткерлерін тәрбиелеген тамыры терең мекен. Осындай киелі өлкеде жаңа орталықтың ашылуы – заңдылық. Бүгін пайдалануға беріліп отырған «Достық» үйі  жастардың өнерін шыңдайтын, ақсақалдар мен аналардың басын қосатын, түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтетін берекелі мекен бола берсін. Қарнақ ауылының дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан барша азаматтарға, құрылысшыларға және осы игілікті істің жүзеге асуына үлес қосқан жандарға ризашылығымды білдіремін. Жаңа нысан құтты болсын!Тәуелсіз еліміз мәңгі жасап, бірлігі жарасқан халқымыздың бағы жана берсін! — деді Нұралхан Оралбайұлы.

Ғимараттың жалпы ауданы 2844,71 шаршы метрді құрайды. Жобалық-сметалық құны 1 277,8 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «РСУ-1» ЖШС-нің мердігер мекемесі жүргізді. Ғимарат сыйымдылығы 300 адам. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бүгінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы ел дамуындағы жауапкершілік пен ашықтықтың берік негізіне айналып келеді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан әрбір игі іс ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, азаматтардың сұранысына жауап беруге бағытталуы тиіс. Ал «Адал азамат» тұжырымдамасының өзегі – елге жанашырлықпен қызмет ету, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, бірлік пен өзара құрметті нығайту.

Қарнақтағы жаңа «Достық үйі» – осы құндылықтардың нақты көрінісі. Мұнда ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бастамалар жүзеге асып, тұрғындардың ортақ мәселелерін талқылайтын, игі істерді бірігіп атқаратын маңызды орта қалыптасады. Елдің қуаты – оның бірлігінде. Ал бірлікті нығайтатын басты күш – адал еңбек, жауапты азаматтық ұстаным және халықпен бірге атқарылған нақты іс.

Айта кетейік, Кентау – өндірістік әлеуеті қалыптасқан, бүгінде жаңа серпін алып келе жатқан шаһар. Қалада кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға бағытталған нақты жобалар жүзеге асып, отандық өнім көлемі артып келеді. Ең бастысы – бұл жұмыстар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және қаланың әлеуметтік — экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашуда.

Алдыңғы жаңалық

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі