Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жапанова Жанар: «Сатып жібердік, үйді босатыңыз!», деп шығарып жіберетін

21 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Жапанова Жанар: «Сатып жібердік, үйді босатыңыз!», деп шығарып жіберетін
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандық қамқор азаматтардың арқасында жалғыз басты ана баспаналы болды, деп хабарлайды aqparatinfo.kz тілшісі

Қасиетті Рамазан айында Түркістандық бір отбасы баспаналы болды. Күні кеше Оразаның соңғы күні 3 баласы мен 4 немересін бағып отырған жалғыз басты Жанар Жапановаға жаңа үйдің кілті табыс етілді. Мұндай қуанышты әрі сауапты іске Түркістан қаласының Шауғар секторының тұрғындары ұйытқы болды. Қалада ескіден «РМЗ» деп аталып кеткен мөлтек ауданның азаматтары оразада игі іс жасауды жоспарлап, жағдайы төмен отбасы қатарынан сол аумақта тұратын Жанар есімді жерлестеріне ауыл азаматтарының дауысқа салуымен, жер үй салып беруге бел буған.
— Мұндай жағдайды теледидардан ғана көретінмін. Шын мәнінде қамқор ауыл азаматтарының арқасында мүлдем армандамаған баспананың иесі атанамын деп ешуақытта ойыма келмепті. Жолдасым 2 жыл бұрын бақиылық болды. Өзім тойханада еден жуамын. Сол жерден қалған азын-аулақ тамақтар болса уйге бала-шағама әкеліп күн көріп отырмыз. Осы күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрдық. Не бір қиын күндер өтті. Жалдап отырған үйімізді сатып жіберіп, босатыңдар деп шығарып жіберген үй иелері де болған. Қайда барарымызды білмейтінбіз ,- деп көзіне жас алды.

Алдымен 10 соттық жер сатып алып, оны екіге бөліп жалпы 12 млн 500 мың теңге қаржы жинаған. Бөлінген 5 соттық жерге жаңа баспана көтеріп, ыдыс-аяқ, үйге қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз еткен.
— Қасиетті айда маған көмек берген жерлестеріме шексіз ризамын. Үй жаңа. Сапалы, өте әдемі! Қажетті заттардың барлығы бар екен. Алладан қайтсын! Жерлесіміз, жақында депутат болып сайланған Самат Рысбековке рахмет айтамын. Сіздердей азаматтарымыздың арқасында мен сияқты мұқтаж отбасылардың барлығы баспаналы болсын, деп тілеймін деді Жанар.


Айта кетейік, ауызбіршілікі мығым ауылдың азаматтары, қалған 5 соттық жерге баспанаға мұқтаж, жағдайы төмен отбасыға екінші үй салып беруді қолға алуда.

Алдыңғы жаңалық

"АУЫЛ АМАНАТЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАБЫЛДАНУДА

Келесі жаңалық

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ерекше балаларға қуаныш сыйлады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі