Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«AMANAT» : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

17 мая, 2023
in Uncategorized
0
«AMANAT» : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
0
SHARES
72
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының ғимаратында, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдауда бірнеше өзекті мәселелер айтылды.  Халық қалаулысы Мағауия Тұрысбеков пен Созақ аудандық партия филиалының төрағасы Ернар Сағындық арыз-өтінішін арқалап келген 4 тұрғынның шағымын тыңдады.  Нақтырақ айтсақ, аудан  тұрғындары аудан орталығынан спорттық — сауықтыру кешен салу,  Мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті орта құрып, қамқорлық-қолдау көрсету, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отырғандығын айтты. Сонымен қатар, бір ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша айтса,   автожол құрылысының сапасы мен Жылыбұлақ каналының құрылысы бойынша да қабылдауда өз өтініштерін айтып келгендер болды.

— Ерек­ше қажеттіліктегі адам­дарға қамқорлық көрсету – қоғам алдындағы менің парызым — деген  депутат М.Тұрысбек, тұрғындардың мәселесі сол мезетте оң шешіммен шешілуіне ықпал жасады.  Өз демеушілігімен ерекше жандарға қажетті құрал — жабдықтарын алып,  қамтамасыз ететіндігін айтты.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша түскен өтінішті аудандық партия филиалының төрағасы Е.Сағындық бақылауына алды.

Тұрғындардың өтініштері жан-жақты зерделеніп, көтерілген мәселелер бойынша депутат жауапты органдардың өкілдеріне ұсыныс берілетінін және оның шеші­лу жолын қарастыратындығын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖӘНЕ «ТОБОЛИНО» АГТС НЫСАНДАРЫН ІСКЕ ҚОСУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі