Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖӘНЕ «ТОБОЛИНО» АГТС НЫСАНДАРЫН ІСКЕ ҚОСУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

17 мая, 2023
in Билік, Қоғам
0
«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖӘНЕ «ТОБОЛИНО» АГТС НЫСАНДАРЫН ІСКЕ ҚОСУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жібек жолы ауылдық округінде «Жібек жолы» АГТС және Дербісек ауылдық округінде орналасқан «Тоболино» АГТС нысандарын іске қосу бойынша арнайы құрылған жұмысшы топпен мәжіліс өтті.
Мәжіліске арнайы құрылған жұмысшы топ құрамы, атап айтқанда: облыстық мәслихат депутаттары У.Рахиев, А. Салимов, Ж.Сүлейменов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлары басқармасының өкілі және Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының бастығы  қатысты.
Мәжіліс барысында жауапты мердігер мекеме өкілдері нысандарды іске қосу бойынша тиісті құжаттармен таныстырып, мәліметтерді баяндап берді.
Жұмысшы топ құрамы атқарылып жатқан жұмыстарды тездетіп, келісім шарт бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін газ тарату стансаларын іске қосып, халық игілігіне таратуды тапсырды.
Айта кетсек, Дербісек ауылдық округінде орналасқан «Тоболино» АГТС нысаны іске қосылған жағдайда, 7 елді мекен (Ақжар,Атамекен,Ұйымшыл,Жемісті,Тың,Диханбаба,Дербісек) табиғи газдың қуаттылығы артып, жаңадан салынған тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды табиғи газға қосуға мүмкіндік берілетін болады.
Сонымен қатар«Жібек жолы» АГТС нысаныны іске қосылған жағдайда 9 елді мекенде (Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе, Жаңатұрмыс, Сарқырама, Жаңа құрылыс, Диханбаба, Қызылжар, Жаскешу) табиғи газдың қуаттылығы артып, жаңадан салынған тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандар табиғи газға қосылады.
Алдыңғы жаңалық

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ақ халатты абзал жандарды марапаттады

Келесі жаңалық

"AMANAT" : ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі