Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі облыс орталығынан 200 шақырымнан астам шалғайда орналасқан Төлеби ауданы Көксәйек ауыл округі Көксәйек елді мекенінде кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған мобильді қабылдауға 23 астам облыстық басқарма, бөлім қызметкерлері және аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттары тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады. Оларға төлебилік 39 тұрғын өз мәселесін айтып көкейтесті сауалдарын жолдады. Қабылдауда Көксәйек елді мекенінің Досалы би көшесіне асфальт төсеу, О.Абылайхан көшесіне электр жарығын орнату, интернет сапасын арттыру, сонымен қатар, спорт алаңшаларын салу, Зертас елді мекеніне ФАП салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты. Жергілікті халықтың толғандырған мәселесі қатарында ауданның өзекті проблемасына айналған Кемеқалған а/о Қаратөбе елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету, Көксәйек а/о 8 Март ауылының электр бағаналарын ауыстыру мен су жетіспеушілігіде бар.
✅Жалпы алғанда 39 тұрғын бір емес бірнеше проблемаларды ортаға салып көңілге қонымды жауаптарын алды. Әр облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары барлық өтініштерді қабылдау кезінде оңтайлы шешіліп, қаралуды талап ететін өтініштерді хаттамаға түсіріліп оң шешілуіне дейін бақылауға алды.
Алдыңғы жаңалық

АРЫСТА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

«AMANAT»: ЖОЙЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ ҚАЖЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі