Мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету – біздің басты миссиямыз. Осы мақсатта, Астанада «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының алғашқы форумы болып өтті. Оның жұмысына 3 мыңға жуық адам қатысты. Олардың 2,5 мыңы аманаттық депутаттар. Солардың қатарында, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде мен де форумға қатыстым. Халық қалаулысы ретінде форумға арнайы барып, жан-жақты тұшымды пікірлермен, жаңа тың иедялар мен бастамаларға куә болып қайттым. Жиында Партия төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні халық қалаулылары бекерге алмағандарын. Мұның мағынасы кең екендігін атап өтті. Өткен жылы, Партияның сьезінде Мемлекет басшысы: «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек» деген еді. Сондықтан, бізге қойылатын талап та аса жоғары. Форум депутаттарға көп мүмкіндік берді. Бізге талқылау мен пікірталас ауадай қажет. Өткізілген форумның мақсаты да осы. Жұмыстарды пысықтап, адағы жоспарларға үлкен сеніммен қадам басу. Жұмыстарды талқылау. Халықпен тығыз, етене жақын болу.
«AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы аясында делегаттар үшін барлығы 11 панельдік сессияда өтті. Үкімет мүшелері: Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет министрі Асхат Оралов, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сөз сөйледі.
Менің ойымша, форум барысында «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттары мен Үкімет мүшелері арасында тікелей диалог орнады.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет барлық деңгейдегі мәслихаттың 2,5 мыңнан астам депутаты басқосып, жалпы міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттарын талқылап қана қоймай, бейінді министрге, орталық мемлекеттік органның басшысына өздерін қызықтыратын кез келген сұрақты тікелей қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, жайылым жерлер, ауылдардың интернетке қолжетімділігі, жастардың мәселесі, мәдениет және спорттағы т.б. қатысты ұсыныстарын жеткізе білді. Біздің Түркістан өңірінен барған депутаттар да, халық аманатын жеткізіп, ойларын ортаға салды. Ал сессияға қатысқан Үкімет мүшелері айтылған ұсыныстардың барлығы сараланып, жергілікті мәслихат депутаттарымен бірлесіп шешілетінін жеткізді.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, әдетте мәслихат депутаттары Премьер-министрмен немесе басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесе алмайтындығын жиі айтатын. Алайда нақ осы форумда оларға сондай мүмкіндік жасалды.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты,
Нұралы Әбіш!