Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы тиіс

6 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Аманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы тиіс
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елорданың төрінде «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Форумға Түркістан облысы мәслихатының депутаты ретінде қатыстым. Басқосу аясында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда ұсынған «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясына басымдық беріп, «AMANAT» партиясы үш науқанның – президенттік және парламенттік сайлаудың, сондай-ақ жалпыұлттық референдумның қозғаушы күші болғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, Партия Төрағасы аманаттық депутаттар әкімдіктермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуы тиіс, себебі сайлауалды уәделерді орындап, жүзеге асыру осы негізде өрбитіндігін жеткізді. Ерлан Қошанов депутаттар назарына ұсынған келесі міндетті де атап көрсетті. Ол — мәслихаттарға есеп беру, бағдарламалар мен бюджетті бекіту тек қағаз жүзінде болмай, жергілікті деңгейде пікірталастар болуы қажеттігін де алға тартты. Яғни мұнда депутаттар өз сайлаушыларының мүддесін қорғауы керектігін де тілге тиек етті.

Өңірлерден бізге сенім білдіріп отырған сайлаушылардың мүддесі үшін қызмет ету мәселесі форум жұмысында айтылды. Ол үшін қазірден бастап мәслихаттардың жұмысын ұйымдастыруда түсінікті, ашық түрде жүргізу қажеттілікке ие болуы шарт. Форум барысында қатысқан барлық депутаттар министрлермен кездесіп, бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша үкімет мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, елдің мұң-мұқтажын ашық жеткізуге мүмкіндік алды. Бізде өз кезегімізде форум аясында үкімет мүшелерімен кездесіп, ауыл және аудандардың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, халқымыздың жайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрлымдарды жасау бойынша өзара пікір алмастық.

Жалпы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған форум жай ғана дептаттардың басқосуы емес, үкімет мүшелерімен тікелей диалог құруға мүкіндік беретін ашық алаң болды. Бұл кездесудің халық мәселелерін шешуге оң ықпалын ескеріп, алдағы уақытта игі істердің атқарылатынына, оған бізде үлес қосатынымызға сеніміміз мол. «AMANAT» партиясы ел үмітін арқалаған партия екендігін дәлелдеп, халық қалаулырымен үкімет ортасында алынбас қамал орнатып отыр.

 

Бегімбет БАЙҒАРАЕВ

Түркістан облыстық мәслихат депутаты

Алдыңғы жаңалық

Біздің баршамызды бір миссия біріктіреді.

Келесі жаңалық

БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі