Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

300 АДАМДЫҚ МЕШІТ АШЫЛДЫ

30 января, 2024
in Uncategorized
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алладан  үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Түркістан қаласында «Абдуррахман ибн Ауф» атындағы жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Түркістан облыстық мәслихаты.

300 адамдық мешіттің ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат депутаттары Алтынсары Үмбетәлиев, Сүлеймен Арыстанов және мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты.


Мешіт атауы жәннатқа пайғамдардың көзі тірі кезінде жолдама алған сахабалардың бірі Абдуррахман ибн Ауф атына берілген. Ауыл жамағатының өтініші бойынша 2018 жылы мешіт құрылысы басталған. Араға 6 жыл салып, тиянақты жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде 3000 адамға арналған имандылық үйі сәтті аяқталды.

Салтанатты шара, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөз сөйлеуімен басталды. Құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналса деген тілектерін жеткізді. Көпшіліктің қуанышымен бөлісуге арнайы келген Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы мешіттің ашылуымен қонақтарды құттықтай келе: «Бүгін есігін айқара ашқан мешіт қаламыздың көркіне көрік қосып, дінаралық және ұлтаралық татулықтың ордасына айналады деп сенеміз. Жастарды деструктивті діни ағымнан сақтау жолында және халықтың діни рәсімдерін сауатты атқаруға мешіттердің еңбегі зор. Бұл барша мұсылман тұрғындарымыз үшін маңызды оқиға. Алла Тағала осы мешіттерде оқылған дұғаларды қабыл етсін», — деп тілек білдірді.

Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов


Айта кетейік, биыл «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған. Бұл туралы шара барысында ҚМБД төрағасы айтып өтті.

Алдыңғы жаңалық

ДЕПУТАТ ЖЕРІН ТЕГІН ТАРТУ ЕТТІ

Келесі жаңалық

« Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдайды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі