Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

4 апреля, 2025
in Билік, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Талғат Қозбеков 1976 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист- маркетолог» және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің Салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған.
Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2022 жылдың қыркүйек айынан бері Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

Талғат Қозбеков облыс әкімінің орынбасары ретінде Кәсіпкерлік және сауда, Құрылыс, Мемлекеттік сатып алу, Қаржы және мемлекеттік активтер, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, осыған дейін жинаған білімі мен тәжірибесін облысты дамытуға жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ - БАСТЫ МІНДЕТ!

Келесі жаңалық

Түркістан қаласы Ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі