Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ — БАСТЫ МІНДЕТ!

31 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ — БАСТЫ МІНДЕТ!
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жиынды бастап облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алмас Салимов жүргізді. Алдымен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов Сарыағаш ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде Сарыағаш қаласы аумағынан кезектегі азаматтарға жер учаскесін беру мәселесі, Құркелес ауылдық округі, Еңкес елді мекені

аумағындағы ауыз су тапшылығын шешу бойынша талап-тілектер айтылды.

Жер телімдерін беру бойынша қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, жер инспекциясына ұсыныс беру арқылы 120 га жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Депутаттар тарапынан мәселе бақылауға алынатын болды.

Ал ауыз су тапшылығы бойынша Су және ирригация министрлігімен кездесіп, мәселе айтылған. Ауданда жазғы мезгілде ауыз су тапшылығы орын алатыны жасырын емес. Өгемнен келетін су мәселесі шешілгеннен соң, тапшылық жойылатын болады және аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді және орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

Алдыңғы жаңалық

ДЕПУТАТТАР ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі