Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

28 марта, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ДЕПУТАТТАР ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Мырзахан Манапов, Нұржан Сейітжанов Отырар ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов және депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Жиында облыс мәслихатының депутаты Мырзахан Манапов ауданға бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Есепте тұрғындар тарапынан елдімекендердегі ішкі жолдарды асфальттау, сапалы ауыз сумен және бірқатар тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамту, мәдениет үйін салу сынды мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, Отырарлықтар орталық емхананың ауласын абаттандыру, ем алушыларға қолайлы демалыс орындарын жасау және ауданға жаңа жедел-жәрдем көліктерін беруді сұрады.

Депутаттар облыстық деңгейдегі бірқатар проблемалардың шешілуіне ықпал ету мақсатында жауапты атқарушы органдарға сауалдар жолданатынын жеткізді.

Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов тұрғындардың өтініштері қараусыз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елдің экономикасын арттыру мен өңірлерге инвестиция тартуды міндеттеп отырғанын атап өтті.

— Инвестиция тарту біздің өңір үшін үлкен мүмкіндіктердің бастамасы. Қазір біздің қоғамға оған деген түсінікті дұрыс жағынан қалыптастыра білу керек. Себебі жаңа кәсіпорындар, жаңа жобалардың есебінен халыққа жұмыс орындары ашылады. Ауыл-аймақтың әлеуеті жақсартады, елді мекендердегі инфрақұрылымдар жаңарады. Бұл бағыттағы бастамаларға бұған дейін Дархан Амангелдіұлы баса назар аударып, инвесторлармен тиімді келіссөздер жүргізе білді. Соның арқасында облыстың дамуына оң серпін беретін жаңа жобалар жүзеге асты.
Қазіргі облыс әкімі Нұралхан Көшеров те инвестиция саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Енді ел ағалары, жергілікті тұрғындар да инвестицияның артуына қолдау білдіріп, игі істерді насихаттай білуі керек деп есептеймін!» — деді Нұралы Әлмаханұлы

 Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі мен өтініштері бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар берілді және хаттамасы түзілді. Олардың орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.

Алдыңғы жаңалық

Наурыз мерекесінде жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Келесі жаңалық

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ - БАСТЫ МІНДЕТ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі