Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Наурыз мерекесінде жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді

22 марта, 2025
in Жаңалықтар
0
Наурыз мерекесінде жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді
0
SHARES
89
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінде жаңа көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 24 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған азаматтарға табысталды.

Аудан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 1800 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы Жүйнек ауылында 1 қабатты 4 пәтерлі 16 отбасыға тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Жалпы, соңғы жылдары аудан көлемінде 47 100 шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне тапсырылды.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан аумағында тұрғын үймен қатар, әкімшілік, прокуратура, полиция бөлімінің және аумақтық органдардың жаңа ғимараттары да бой көтерді. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының айқын көрінісі.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров салтанатты шара барысында тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, баспаналы болған азаматтарға құттықтау сөзін жеткізді. Ол аудан тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудан тұрғындарына жаңа баспананың кілтін табыстағалы отырмыз. Бұл – тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов пен Сауран аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байыспаев та алғы сөз алып, тұрғындарды құттықтады.

Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл игі шара аудан тұрғындары үшін ерекше қуаныш сыйлады. Жаңа қоныс иелеріне ыстық ықылас пен ізгі тілектер жолданды.

Алдыңғы жаңалық

КЕЛЕСТЕГІ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ!

Келесі жаңалық

ДЕПУТАТТАР ОТЫРАР АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі