2022 жылдың басы болатын. Кентаудан сайланған депутат ретінде жоспарлы кездесуім Байылдыр ауылындағы орта мектепте өтетін болды. Мектеп директоры Ұлбала Мұсахановамен бірге залға кіргенімнен бірден байқағаным жиналғандардың барлығы мектеп мұғалімдеріне мүлдем ұқсамайды.Арасында мұғалімдер де бар,бірақ көп емес, киген киімдерінен байқалады, дені жасы егде тартқандар, арасында үй шаруашылығындағы әйелдерді де көзім шалып қалды. Не болса да өтініш пен сұраққа көмілетін болдым ғой деп отырдым. Партиялық жобалар туралы түсіндіріп болған соң кезек-кезек өтініштер айтыла бастады. Ауыл ақсақалы Абдулла Қанай бастаған бір топ ауыл тұрғыны Байылдырдың айналма жолын жөндеу керектігін алдыма тартты. Сөз саптауларына қарасам біраз жылдан бері айналма жолдың кедір-бұдыр нашарлығынан жыл сайын жол көлік оқиғалары орын алады екен, соған қарамастан Кентауға тезірек жеткісі келгендер осы айналма жолмен жүретін көрінеді. Иә өзекті мәселе екен, әсіресе қыстың қар боратқан күндері тұрғындардың көретінін айтып жеткізе алмаймыз не болса да депутат екенің рас болса осы жолды жөндеуге жәрдеміңді берші айналайын дегенде тығырыққа тірелген жерім осы шығар деп ойладым.
Көрейін деген сөздің қалай аузымнан шығып кеткенін өзім де байқамай қалдым. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен тең екенін білем ары ойландым, бері ойландым сөйтіп жүргенде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған”Халықпен бірге” Сайлауалды бағдарламасын жасау керек болды да, не де болса осы Сайлауалды бағдарламаға ендіруді көздедім. Сайлауалды бағдарламаны жасау оңай емес, нән комиссия барлық басқарма басшылары индикаторларды мұқият тексеріп реестрге қол қойып дұрыстығын растап мөр басып қажеттігін растайды. Мәселе оңай болмады Байылдырда бар-жоғы екі мыңға жетер-жетпес тұрғын тұрады өте тиімсіз қаржы бөлудің қажеті жоқ, келесі жолға шегерейік дегендер де болды, алайда соңғы үш-төрт жылда өтетін көлік санын, келеңсіз жол оқиғалар жиі орын алатынын, статистикасын, қатынап жұмыс жасаушылардың санын талдап, Байылдыр халқының әлеуметтік жағдайын зерделеп ойымды жеткіздім. Сонымен не керек облыстан қажет индикатор ретінде өткіздік, енді Астанадағы партияның Орталық аппаратында 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын қорғауға аттандық.
Бас болып қазіргі облыс әкімі сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров өзі қатысты партия филиалы төрағасы А.Умбеталиев, облыстық экономика басқармасы басшысы Қ.Қайыпбек те бар. Сонымен не керек, сәтті қорғап шықтық. Партияда біраз жыл еңбек етіп танымал болғанымның пайдасы болар онсыз да ашықтықты алға қоятын орталықтың есігі барлық жерде айқара ашық мүлдем кедергі кездестірмедік. Айтылған ескертулерді жіктеп сол жерде отырып түзетіліп тасталды. Ішімнен бағдарлама қорғалып біткенше айналма жол алынып тасталмаса екен деп қыпылықтап біттім. Осылайша Байылдырдың айналма жолы «AMANAT » партиясының Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасының Түркістан облысы бойынша іс-шара жоспарының 95 тармағына 2023- 2025 жыл аралығында орындалуы тиіс индикатор ретінде енді де кетті. Жол картасы жасалып, облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросында бекітілді, жауапты депутат ретінде менің фамилиям Жантөреева тұрды. Ал армандаған айналма жол Жол картасына енді, ары қарай қаржының уақтылы түсуі қалай болар екен деген ой маза бермеді. Депутаттығымның пайдасын осы тұста көрдім. 91 млн теңге де бөлінді. Енді міне жол да бітті тұрғындар дән риза. Біткенде қандай белгіленген мерзімінен қайда ерте бітті. Айтылған сөздің жауапкершілігінің ауырлығын уәде берген жан ғана түсінеді. Айналма жолды өткен аптада келіп өз көзіммен көрдім. Биылғы сәуірдің 7-ші жұлдызында
Кентау қаласында қалалық әкімдіктің үлкен залында халық алдында есебім өтті.
2024 жылы 43 депутаттық сауал жолдасам , соның 40 —ы толық шешіліпті. Есеп берген күні 38 -і шешілген еді осы он күн аралығында 2 депутаттық сауалым қолдау тапты.
Сүйіншілеткен жаңалық деп қуандым. Көзбен келіп көргенге не жетсін! Байылдырдың айналма жолы айнадай жарқырап жатыр. Жол төсегіш ауыр табанды техникалар ыңыранып асфальтты барынша салмағымен қайта-қайта, үсті-үстіне нығыздауда. Буы бұрқыраған ыстық қою қара асфальттың смоласының исі мұрынды жарып барады. Жағымды иіс, уәденің нәтижесінің иісі. Аяғымдағы туфлиімнің асфальт смоласына батып кеткенін де сезбеппін. Енді туфли жарамсыз болып қалатын шығар, смола шіркін жабысып туфлиім ауырлай бастады, оны елейтін түрім жоқ. Қуанып тұрмын,жәй қуанып тұрған жоқпын уәдемнің орындалғанына риза болып қуанып тұрмын. Мына су жаңа жолмен жүрген көлік жүргізуші де, жолаушы да қуанатын болды. ЖОЛЫҢ БОЛСЫН,ЖОЛЫҢ БОЛСЫН ЖОЛАУШЫ деген ән көмейіме оралып ыңылдай бастадым.