Түркістан облыстық мәслихат депутаты, AMANAT партиясының мүшесі Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Жібек жолы ауылынан ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден бастаған. 2006-2011 жылдар аралығында «Ынтымақ Бес -Арыс» ЖШС басшысы қызметін атқарып келген. «Ынтымақ Бес — Арыс» ЖШС ғимараттар құрылыс жұмыстарын атқарып халықтың қызметінде, маусымдық 500 адам, тұрақты 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп қарқынды түрде дамып келеді. 2008 жылдан бастап отбасылық «НӘРЛЕН» ЖШС кәсіпкерлік бизнесін дамытуда. Атап айтсақ, құс фабрикасын дамытып, күніне 500 000 бас жұмыртқамен облыс, аудан тұрғындарын қамтитын отбасылық кәсіп иесі. Аталған кәсіпорында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «НӘРЛЕН» ЖШС ет өнімдерін даярлауда 300 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, күніне 30 (отыз) тонна түрлі шұжық өнімі сапалы түрде даярланады. Облысымыздың экономикасын дамытуда атарлықтай үлес қосуда. Әбдібаев Жомарт ел экономикасын дамыту үшін жасаған игі істері мен бастамалары, ауылшарауашылықты дамыту саласына қосқан үлесі үшін ауылшаруашылық министрінің бірнеше марапаттарына ие болған. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін – өзі басқаруының және ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі орасан зор.